​«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағалары «Шалқия» кенішінде болды

2016 жылғы 30 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев және «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Тұрмағамбетов Қызылорда облысындағы Шалқия кенішіне қызметтік іссапармен барды. Іссапар аясында басшылық «Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес компаниясы – «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ өткен жылғы жұмыс нәтижесімен, сондай-ақ, «Байыту фабрикасының құрылысын салу арқылы Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнындағы полиметалл кен ошағын өнеркәсіптік пайдалану» жобасының жүзеге асу барысымен танысты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ кенішті электрмен жабдықтау және кірме жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді іске асырды. Сондай-ақ, 300 орындық асханасы бар бес қабатты әкімшілік-тұрмыстық корпусқа, 160 орындық жұмысшыларға арналған жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Выдачная» шахтасының апаттық жағдайда тұрған тау-кен қазбалары қалыпқа келтірілді. 2014 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін шамамен 3 900 метр тау-кен қазбалары жүргізілді. Қазіргі уақытта құбыр-кабель өрлемесін жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындады, ол кейіннен тау-кен массасының беткейге берілуін қамтамасыз етеді.

4f1f50bf3b8601acd02c5f28ad2d5677.jpg

Мамандар үшін барлық жағдайы жасалған 11 үй бой көтерді. Қазіргі күні олардың 5-і дайын болып, пайдалануға берілуге дайын. Базистік-шығыс қоймасына, 35/6 кВ және 6 кВ подстанцияларға, энергиямен жабдықтаушы жер асты тораптарына, шахты суын жинайтын тоғандарға, 28 орындық техникалық персоналға арналған жатақхананы және 14 орындық қонақ үйді қалпына келтіре отырып, күрделі жөндеу жүргізілді.

d511b0f4142694cabfc9475cfb36fe2f.jpg

Техникадан «Atlas Copco» шведтік машина жасау компаниясы шығарған жаңа тау-шахталық жабдықтар сатылып алынды. +100 және +40 м деңгей жиектерде жаңа сорғы станциялары («Caprari»), компрессорлық және ауа тазартқыш қондырғылар, трансформаторлар, жерасты шахталық автобустар, қосалқы жабдықтар (май құюшы, ЖЗ тасымалдағыш машиналар, оталдырғыш машиналар), жер үсті техникалары (ауысымды жеткізуге арналған автобустар, самосвалдар, тиегіш, бульдозер, экскаватор) сатылып алынып, пайдалануға берілді.

bb969979dc4048bc5e80f02e996c7869.jpg

Келесі жылы Шалқия кенішінде тау-байыту комбинатының және газ турбиналық электр станциясының құрылысы басталады. Жобаның жалпы құны – 500 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 350 млн. АҚШ доллары Еуропа Қайта Құру және Даму банкімен қаржыландырылды. Қазір тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарына түзетулер енгізу мен жобалардың ішкі инфрақұрылымын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. ТМК іске қосқаннан кейін мұнда тұрақты 1500 жұмыс орны пайда болады.

​«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы «Шалқия» кенішін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Іссапар аясында басшылық шахта жұмысымен танысып, кеніштегі өндірістік және құрылыс алаңшаларында болды. Сонымен қатар, кенішке дейін созылған жолды жөндеу, газтурбиналық станция құрылысы, электржабдықтарды қайта қалпына келтіру және байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету сынды түрлі мәселелер талқыланған жиналыс ұйымдастырылды.

88145e04a7d0c7af29cfa1170a77ad54.JPG

Қазіргі уақытта кенішке инфрақұрылымдық желілерді тарту бойынша жобалар әзірленуде. Қажетті қосалқы бөлшектер алынып, тау-кен жабдықтары қайта қалпына келтіріліп, сорғы станциялары қайта жаңғыртылды және сорғы құрылғылары сатып алынды. Сондай-ақ, кеніш жанындағы жұмысшыларға арналған тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

d3fbb833a3a4bb9497fc48dd7db27f46.JPG

78ebc8b17408f10d18162c3e99ce281d.JPG

«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Шалқия» кенішінде түсті металл кендерін өндіру, өнімділікті жоғарылатып, тау-кен байыту фабрикасының құрылысын жүрзігу жұмыстарын жоспарлауда. Кәсіпорын іске қосылғаннан соң мұнда жылына 4 млн. тонна қорғасын және мырыш кені өндіріледі. 1000 астам жұмыс орны ашылады.