«Шалкия Цинк Лтд» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы хабарлайды

Жобаның атауы

Шалкия Цинк:

Жекешелендіру алдындағы
кредит

Елі

Қазақстан

Саласы

Табиғи ресурстар

Жобаның коды

48347

Қаржыландыру
көзі

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ)

Шарттың түрі

Жоба бойынша
тауарлар, жұмыстар және қызметтер

Хабарландыру
түрі

Сатып алу туралы
жалпы хабарландыру

Жарияланған
күні

2016 жылғы 3
наурыз

Конкурстың
жабылу мерзімі

2017 жылғы 3
наурыз

«Шалкия
Цинк Лтд» АҚ (бұдан әрі – «Шалқия») Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы мырышты Шалқия кен орнын
өндіру бойынша қуаттылықты ұлғайту үшін, сондай-ақ кен орнында қуаттылығы жылына
4 млн. тоннаруда болатын байыту комбинатының
құрылысы үшін пайдалануға ниет білдіріп, қарыз алу мақсатында Еуропақайта құру және даму банкіне (ЕҚҚДБ) жүгінді.

Қызылорда
облысы Шалқия кен орнындағы жобаны іске асыру 2016-2021 жылдарға жоспарланған.
Соған қарамастан инвестициялық бағдарлама (i) қуаттылығыжылына4млнтоннаруда мырыш пен қорғасынды қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасын
жобалауды және салуды (оның ішінде инфрақұрылым), (ii) шахтыда қайта өңдеудің
алғашқы кезеңі үшін ұсатқыш жабдықты және руданы бекті қабатқа шығару үшін
көлденең конвейерді орналастыру қарастырылған.

Аталған жобаның бағалық құны
467 миллион долларды құрайды және ол одан әрі жұмыс атқару үшін мынадай
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қажет:

– «құлып астында» талаптарындағы
жобалау, жабдықтарды жеткізу және құрылыс шарты, оның ішінде:

  • Қуаттылығы жылына 4 млн тонна руда мырыш және
    қорғасын концентраттарын өндіру бойынша тау-байыту комбинатын жобалау және салу
    (оның ішінде барлық инфрақұрылымды, қалдыққойма, аралық руданы сақтау қоймасы, қайта өңдеу
    комбинатына тасымалдау конвейері);
  • Үгітудің бірінші және екінші
    кезеңіндегі жер сатындағы ұсатқыш жабдықты және руданы беткі қабатқа жеткізуге
    арналған көлденең конвейерді орнату;
  • Байыту комбинатының инженерлік
    желілері;

Өзге де тауарлар, қызметтер
және жұмыстар (жабдықтарды жеткізу және құрылысты жобалау шартына енгізілмеген);

  • Сыртқы
    электр жабдықтауды жобалау және оның құрылысы;
  • Сыртқы
    сумен жабдықтауды жобалау және оның құрылысы;
  • Сыртқы
    газбен жабдықтауды жобалау және оның құрылысы;
  • Жер
    асты кенішін кеңейтуді жобалау және оның құрылысы (дайындық
    және негізгі жұмыстар);
  • Тау-шахталық жабдықтарды және
    ашық жұмыстарға арналған жабдықтарды жеткізіп беру және жеткізу (жүк тиегіш, жүк
    көлігі және т.б.);
  • Инфрақұрылымдық ғимараттар мен
    құрылыстарды жобалау және қайта құру;
  • Негізгі
    жер асты жұмыстары (желдету шахтасы, көлбеу конвейер және т.б.);
  • Инженерлік-зерттеу жұмыстары;

– Тапсырыс берушінің жобасын
жүзеге асыру бойынша Топқа (ЖЖАТ) қолдау көрсету мақсатындағы консультациялық
қызметтер.

Сатып алу 2016 жылдың екінші
тоқсанында жүзеге асырылады деп болжануда.

Банк ұсынған, қарызға алынған
қаражатқа қаржыландырылатын шарт, Банктің тауарларды және қызметтерді сатып алу
принциптері мен қағидаларына сәйкестігіне тексеріледі және кез келген елдің
компанияларымен жасалуы мүмкін. Егер ББҰ Жарғысының VII бөлімінде баяндалған
ББҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне немесе сатып алушы елдің ресми заңнамасына
сәйкес мұндай төлемге немесе импортқа тиым салынса, Банк қарызға берген қаражат жеке немесе заңды
тұлғаға тауар импортын төлеу мақсатында қолданылмауы қажет.

Барлық мүдделік танытқан тұлғаларға үшін байланыс:

«Шалкия Цинк Ltd» АҚ

Алматы
қ., Әл-Фараби даңғылы 7, «Блок 4 «А», 9-қабат, 38- кеңсе

Тел.: + 7 727 311 06 24

Байланысатын тұлғалар:

1. Рамазанов Булат – Басқарма
төрағасы

e-mail: b.ramazanov@zinc.kz

Тел.: +7 72435 22 9 13

+7 727 311 06
24

2. Шарапов Алишер – Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы

e-mail: a.sharapov@zinc.kz

Тел.: +7 727 311
06 24

Моб.: +7 705 987 73 93