«Алайғыр» БК» ЖШС мен «Taý-Ken Samuryq» UTK» акционерлік қоғамы 20 ақпанға қараған түні Алайғыр кен орнынан 6 шақырым жерде қайғылы қаза тапқан қарағандылықтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Марқұмның «Алайғыр» БК» ЖШС-мен ешқандай заңды қарым-қатынасы жоқ «ВК Guard» ЖШС-ның жұмыскері болған, бұл компания «Алайғыр» БК» ЖШС-ның серіктесі немесе мердігері емес. «ВК Guard» ЖШС-ны бұрынғы мердігерлік ұйым («Temir Zat» ЖШС) күзет қызметтерін көрсету үшін жұмысқа жұмылдырған. Бұған дейін EPC-келісімшарты «Temir Zat» ЖШС-мен соңғысының талаптарды орындамау себебінен бұзылған болатын, қазіргі уақытта тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы іскерлік дау бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр. Алайғыр кен орнының аумағында «Temir Zat» ЖШС-ға тиесілі жабдық болғандықтан, төрелік талқылаулар аяқталғанға дейінгі кезеңде «Алайғыр» БК» ЖШС мердігер өкілі тарапынан осы жабдықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтірмейді. «Temir Zat» ЖШС мен «ВК Guard» ЖШС арасындағы шарт талаптарына сәйкес күзет компаниясы өз персоналын күзетілетін объектіге жеткізуді дербес ұйымдастырады.
20 ақпан күні таңертең «Алайғыр» БК» ЖШС жұмыскерлеріне «ВК Guard» ЖШС-ның екі күзетшісі ауа-райының қолайсыздығына (қатты боран) қарамастан, бір күн бұрын кен орнына жаяу барғаны туралы ақпарат келіп түсті. Күзетшілер кен орнына келмегендіктен, «Алайғыр» БК» ЖШС-ның қауіпсіздік жөніндегі маманы осы ақпаратты дереу 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке хабарлады. «Алайғыр» БК» ЖШС-ның күшімен қызметтік автокөлікті, жер бетіндегі техниканы және қар көшкіндерін тазарту үшін автотиегішті тарта отырып, іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Іздеу іс-шаралары барысында таңғы сағат 8:00-де «Алайғыр» БК жұмыскерлері кен орнынан шамамен 5 км қашықтықта жолдан адасып, кеудесіне дейін қар басып, өздігінен жүре алмай қалған жоғалған адамның біреуін (2002 ж.т.) тапты. Сәтін салып, қатты үсік шалмаған зардап шегуші шұғыл түрде Бесоба кентіндегі ауруханаға жеткізілді.
Ауа-райының қолайсыздығына және іздеу радиусының аумақты болуына байланысты (15 км-ге дейін) екінші жоғалған адамды (1972 ж.т.) бірінші күні таба алмады. 21 ақпанда ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп кен орнынан шамамен 6 км қашықтықта «ВК Guard» ЖШС күзетшісінің жансыз денесі табылды. Оқиға туралы ақпарат бірқатар қазақстандық БАҚ-та жарияланды.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына көңіл айта отырып, «Алайғыр» БК» ЖШС персоналды кен орнына жолаушыларды тасымалдауға барлық қажетті рұқсаттары бар арнайы орталықтандырылған автокөлікпен жеткізетінін хабарлайды. «Алайғыр» БК» ЖШС өз жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарайды, сондай-ақ мердігер ұйымдар тарапынан барлық қауіпсіздік нормаларын ұстануын талап етеді.