«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Еуропалық комиссияның қатысуымен Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Құжат Ұлттық тау-кен компаниясы мен ЕҚДБ-ның көпжылдық табысты ынтымақтастығының қисынды жалғасы және тау-кен секторын жаңғырту әрі оның инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі күш-жігерді шоғырландыруға бағытталған.
Ынтымақтастықта декарбонизацияға және жасыл экономикаға көшуге, отандық тау-кен секторының техникалық және инновациялық дамуын ынталандыруға, оның ішінде жетекші әлемдік технологияларды енгізуге баса назар аударылатын болады. Ынтымақтастықтың мәні – Қазақстанның шикізат базасын кеңейту мүмкіндіктерін зерделеу және еуропалық нарыққа аса маңызды металдарды жеткізуді ұлғайту.
Анықтама: ЕҚДБ үш құрлықтағы 36 елде жеке секторды және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесетін көпжақты банк. Банк 71 елге, сондай-ақ ЕО мен ЕИБ-ға тиесілі. ЕҚДБ инвестициялары ол орналасқан аймақтардағы экономиканы бәсекеге қабілетті, инклюзивті, жақсы басқарылатын, экологиялық таза, тұрақты және интеграцияланған.