«ШалқияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 29 наурызда құрылды.
2014 жылғы 25 маусымда «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ акцияларын «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы иеленді. 2014 жылғы 11 шілдеде «ШалқияЦинк ЛТД» 100% акциясы «Таý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілді.
Жобаның негізгі мақсаты: Шалқия кен орынында полиметалл кендерін өндіру, тиімділігі жоғары инновациялық технологиялар, техникалар енгізу жолымен өндірілген кенді байыту фабрикасында қайта өңдеу және өндірілген мырыш пен қорғасын концентратын өткізу.
«Тау-Кен Самұрық» ҰTК» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен (№ 12/24 хаттама) Асқар Сағатұлы Тілеулин «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ бас директоры қызметіне тағайындалды.
Байланыс деректері:
N19M5D9, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, Мұстафа Шоқай көшесі, 32
+7 (72435) 79107