«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ

«ШалқияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 29 наурызда құрылды.

2014 жылғы 25 маусымда «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ акцияларын «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы иеленді. 2014 жылғы 11 шілдеде «ШалқияЦинк ЛТД» 100% акциясы «Таý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілді.

Жобаның негізгі мақсаты: Шалқия кен орынында полиметалл кендерін өндіру, тиімділігі жоғары инновациялық технологиялар, техникалар енгізу жолымен өндірілген кенді байыту фабрикасында қайта өңдеу және өндірілген мырыш пен қорғасын концентратын өткізу.

«Taý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының бетпе-бет отырысының шешімімен (2022 жылғы 27 қаңтардағы №03-22 хаттама) Өркен Рахметоллаұлы Бейсембаевты 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Бас директоры қызметіне тағайындау туралы шешім қабылданды.

 

Байланыс деректері: 

N19M5D9,  Қазақстан Республикасы,  Қызылорда облысы,  Жаңақорған ауданы,  Шалқия кенті,  Мұстафа Шоқай көшесі, 32

+7 (72435) 79107

info@zinc.kz

www.zinc.kz