«ТАУ-КЕН АЛТЫН» АЛТЫН ӨНДІРУДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫН АСЫРА ОРЫНДАДЫ

Ағымдағы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 30 тонна алтын өндірді, деп хабарлады «Тау-Кен Самұрық «ҰТК»АҚ. Осылайша, жобалық қуаты 25 тонна болған кезде зауыт жылдық өндіріс жоспарын 20% – ға асыра орындады.

Зауыт жұмыс істей бастағаннан бері 128 тоннадан астам алтын өндірілді. Зауытөнімініңнегізгікөлеміеліміздің алтын-валюта резервінтолықтыруғабағытталған.

«Зауытты одан әрі дамыту өндірілетін алтын шығару көлемін ұлғайтуды, бағалы металдар қозғалысын есепке алу мақсатында процестерді автоматтандыруды, сондай – ақ қатты өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді және аяқталмаған өндірісті азайтуды көздейді»,-деді «Тау-Кен Самұрық» ҰТК » АҚ Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген.

«Тау-Кен Алтын» 2013 жылдың қараша айында пайдалануға берілді және құрамында алтыны бар шикізатты (катодты және шлихті алтын, зергерлік және техникалық сынықтар, Доре қорытпасы) қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, жеке аффинаж өндірісінің стратегиялық маңыздылығын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті. 2011 жылыиндустриялық-инновациялық форум барысындаНұрсұлтан Назарбаев елордада алтын өндіретінзауыт салу туралытапсырмаберді. «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытыныңқұрылысы 2012 жылдың 3 шілдесіндебасталды, ал 2013 жылдыңжелтоқсанынақарайкәсіпорынөзөніміншығарды.