Бүгін Алматыда II Халықаралық металлургиялық саммиті ашылды. Сала көшбасшылары тәжірибе алмасу және өнеркәсіпті дамытудың заманауи үрдістерін талқылау үшін жиналды. Қатысушылар өндіріс тиімділігін арттырудың табысты тәжірибелерімен, сервистік компаниялар мен жабдық өндірушілердің өзекті инновациялық шешімдерімен бөліседі.
«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының бас технологы Айдар Нұрланов күмісті вакуумдық тазарту тақырыбында презентация жасады. Бірегей технология ALS Acidless Separation ретінде патенттелген, оны ресейлік мамандар әзірлеп, итальяндық IKOI компаниясының инженерлері конструктивті жүзеге асырды.
Айдар Нұрланов дистилляция процесі және қолданылатын жабдықтың ерекшеліктері туралы толық айтып берді.
Күмісті вакуумдық тазалу – бұл Доре қорытпасын пеште 1480 0С дейінгі температурада және 10-4 атмосфералық қысымда алтын мен күміске бөлу. Бұл технологияны қолдану жоғары сапалы бағалы металдарды өндіру процесін жеделдетуге, операциялық шығындарды азайтуға және атмосфераға зиянды шығарындылардың алдын алуға мүмкіндік берді.