2014 жылғы 17-19 қыркүйекте«Тау-КенСамұрық» АҚ өкілдері 2014 жылғы 17-19 қыркүйекте Алматы қаласындағы MiningWorld Central Asia 2014- тау ісі, рудалар мен минералдарды байыту мен өңдеу 20-шы халықаралық мерейтойлық көрмеге қатысты. Аталған Көрме – Қазақстандағы және Орта Азия өңіріндегі аса ірілердің бірі. Биылғы жылы Көрмеге әлемнің 28 елі қатысты. Оның ішінде, оның қатысушылары арасында тау-металлургия саласындағы аса ірі халықаралық компаниялар – Outotec, Sandvik Mining, CERBA және басқалар болды.
Көрсетілім павильондарына Австралия, Германия, ХҚР, Норвегия, Польша, Түркия, Франция және Қазақстан компанияларының ұлттық стендтері орналастырылды. Ашық сөрелерге қойылған техникалардың ауқымды көлемі мен тау-байыту саласына жаңа технологияларды енгізу үшін тәжірибе алмасуға құштарлық Көрме қонақтарына және келушілерге ерекше әсер берді.
Басқарма мүшесі – Жобаларды іске асыру жөніндегі басқарушы директор Қ.С.Ізбасханов Көрмені ресми ашу салтанатында құттықтау сөз сөйледі. Қ.С. Ізбасханов өз сөзінде қатысушыларға және қонақтарға жемісті жұмыстар мен жаңа байланыстар орнату үшін тілектестік білдірді.
Фото http://miningworld.kz/ сайтынан алынды
Осы күндерде «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері «Рудгормаш» (Ресей), Doppelmayr (Германия), «Завод труд» (Россия), OREMAX (АҚШ), EIRICH (Германия), FLSmidthKnelsonTechnologies (Канада), Прессмаш инжиниринг компаниясы (Ресей), URAL OMEGA (Ресей) компанияларының мамандарымен кездесу өткізді.
Өткізілген кездесулер нәтижесі бойынша ынтымақтастық бойынша әрі қарай іс-шаралар белгіленді.