​«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әріптестерін құттықтады

Бүгін «Тау-Кен Самұрық» АҚ 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай
салтанатты жиналыс өткізілді.

Басқарма төрағасы МәжитТұрмағамбетов қазіргі
заманғы қоғам өміріндегі әйелдердің маңызды рөлі мен Компаниядағы жұмыстарына
тоқтала отырып, құттықтау сөздерін жеткізді.

«Ұжымымыздың жартысына жуығын
әйелдер құрайды. Олардың 42 пайызы басшылық лауазымдарда. Әйелжүргенжердетәртіп
бардеген пікірді
барлығымызға
да жақсы таныс. Өздерінің мойнына үлкен жауапкершілікті алып, оны бала тәрбиесі
мен «отбасы – ошақ қасын» қастерлеуімен сәтті сабақтастырып жүрсіздер. Құрметті
әйелдер, бүгінгі мерекеде сіздердің адалдықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз,
ақылдарыңыз бен түсінушіліктеріңізді білгендеріңіз үшін үлкен алғысымды
білдіргім келеді».

_______________________________________________________________________________________________________________

Әйелдер мерекесі қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ
Шукеев Компанияның дамуына қосқан үлесі үшін «Тау-Кен Самұрық» АҚ Геологиялық
бақылау және мониторинг департаментінің директоры Юлия Корязоваға құрмет
грамотасын ұсынды.

Юлия Юрьевна «Тау-Кен Самұрық» АҚ құрылған сәтінен бастап жұмыс атқарады.
Компаниядағы өзінің еңбек жолын ол Жер қойнауы департаментінің бас менеджері
лауазымынан бастады. Ал 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Геологиялық
бақылау және мониторинг департаментінің басшысы қызметінде. Оның тікелей
басшылық етуімен Геологиялық бақылау және мониторинг департаменті құрылып,
Компанияның одан әрі перспективалы дамуы бойынша өнімді шығару ұсыныстарымен
Қазақстанның минералды-шикізат базасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар ол ҚР Премьер-Министрімен және Үкімет мүшелерімен қаралып, мақұлданған 2022 жылға дейінгі
Компанияның даму стратегиясын әзірлеуге тікелей қатысты.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы адамзатбаласының барша нәзікжандыларына өмірдің барлық саласында береке-бірлік пен
ырыс-ынтымақты тілейді.

​«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы қызметтік іс-сапармен Австралияда болды

Іс-сапар аясында делегаттар Квинсленд штатында орналасқан «MMG Century» компаниясының «Century Mine» кенішінде болып, ондағы флотацияның технологиялық сызбасы мен мырыш өнімінің өндіріс барысымен танысты.

Сонымен қатар, «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы мен «MMG Century» компаниясының өкілдері арасында іскерлік кездесулер өтті.

dde82317aa57398aa3c7fc2ceb77d324.jpg

Анықтама. «Century Mine» – ашық әдіспен өңдейтін, Австралиядағы ең ірі мырыш кеніштерінің бірі. Әлемдегі мырыштың 4% осы кеніште өндіріледі. Соңғы 16 жыл көлемінде мұнда мырыш және қорғасын концентраттарын өндіру және өңдеу жұмыстары жүргізілген. Өнім Карумба қаласының портына дейін 304 км-ге созылған пульпопровод арқылы тасымалданып, ары қарай Австралия, Еуропа және Азияға экспортталатын.