2013 жылғы 7 қазанда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда 13 мәселе бойынша шешімдер қабылданды:
Мыналар бекітілді: «Тау-Кен Самұрық» АҚ қазынашылық портфелі негізгі параметрлеріне қатысты, «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі нормативтік құжаттары; «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі бақылау жүйесі туралы ережесінің өзгерістері; «Тау-Кен Самұрық» АҚ тәуекелдерді басқару саясатының өзгерістері мен толықтырулары; «Тау-Кен Самұрық» АҚ ақпараттық саясатының жаңа редакциясы; «Тау-Кен Самұрық» АҚ сабақтастықты жоспарлау саласындағы 2014-2018 жылдарға арналған бағдарламасы.
Заңды тұлғаның акционерлері жалпы жиналысының (қатысушыларының) құзырына жататын, он және одан да көп акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) «Тау-Кен Самұрық» АҚ тиесілі қызмет мәселелері бойынша, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесі: «Logic Invest Capital» ЖШС, «Дана» инвестициялық үйі» ЖШС пен «Logic Business» ЖШС Жарғыларына өзгерістер енгізу туралы; «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушы ретінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұстанымын айқындау туралы шешімдер қабылдады.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесі«Тау-Кен Самұрық» АҚ тәуелсіз директорларының құрылымы мен сыйақы мөлшерін, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесіне кандидаттар тізімін қарады.
Сонымен бірге, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесі Э.М.Ахмурзиннің «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма мүшесі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; «Алайғыр» кен орны полиметал рудасын өндіру және қайта өңдеу» жобасын дербес іске асыру туралы; «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұйымдастырушылық құрылымының жаңа редакциясы бекіту туралы шешімдер қабылдады. Мұның сыртында, Корпоративтік басқару кодексі қағидаттарын ұстану туралы «Тау-Кен Самұрық» АҚ (2013 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша) есебін қарады.