«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2015 жылдың аяғында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы арасында Трансформация бағдарламасының Жол картасын іске асыру басталды. Аталған бағдарламаның бірінші кезеңі «Адамдар» бөлімімен басталып, оның барысында Компанияның HR қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізілді. Оқыту семинарлар мен тренингтерге Қор тобы қызметкерлерінің лауазымдарын бағалау жөніндегі Корпоративтік стандартқа сәйкес жүргізілетін лауазымдарды грейдирлеу жобасын енгізу процестерін игеру кіреді.
Аталған жобаның мақсаты Компания қызметкерлерінің еңбек ақысын тиімді жүйелеу және уәждемесін арттыруға арналған негіздерді жасау мақсатында грейдерлер құрылымын құру болып табылады.
Аталған жобаны іске асыру үшін Гарвард университеті (АҚШ) жанында зерттеу орталығы бар «Hay Group» тәуелсіз халықаралық консалтингтік компаниясы тартылды. «Hay Group» лауазымдарды бағалау әдістемесі әлемге кеңінен танылмал және ол:
Қызметкерлерге: мансапты дамытудың және жұмыс тиімділігінің әртүрлі нұсқасы жағдайында олардың күрделі еңбегін әділ бағалауды және табыс деңгейін өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысты алуға;
Басшылыққа: еңбекақысын индекстеуге қатысты шешімдерді қабылдау процесін жеңілдетуге, барлық лауазымдар бойынша нақты сыйақы мөлшерін белгілеуге, қызметкерді тиімді еңбекке ынталандыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру аясында Компанияның Адам ресурстарын басқару департаменті қызметкерлерінен және «Hay Group» компаниясы өкілдерінен тұратын жобалық топ құрылды. Сонымен қатар, шеберлік-сағаттар мен дербес консультациялар сынды ұйымдық іс-шаралар жүргізіліп, оның барысында лауазымдар сипаттасы беріліп, басқарушы директорлармен және бағалау комитетімен дербес сұхбаттар ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Компанияның 88 лауазымы бағаланды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның лауазымдарына грейдирлеуді енгізу бойынша жұмыс нәтижесі лауазымдарды бағалау және грейдирлер құрылымын құру бойынша жобаны іске асыруға белсенді қатысқана үшін «Самұрық-Қазына» АҚ мақтау қағазымен марапатталды.
Қазіргі уақытта Компания қызметкерлерінің еңбекақысы, сыйлықақысы және сыйақысы бөлігіндегі еңбекақы ауқымын анықтау бойынша Компанияның ішкі нормативтік құжаттарын кейіннен жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.