Астанада «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен польшалық «KGHM Polska MIEDŹ» (әрі қарай – KGHM) компаниясының басшылығы мен өкілдері арасында кездесу өтті. Келіссөздер барысында қос тарап «Тау-Кен Самұрық» компаниясының жобалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша компания басшылары өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Анықтама. KGHM әлемде мыс пен күміс өндіретін ең ірі компаниялар қатарына кіреді. Аталмыш компанияның алдына қойған басты мақсаттарының бірі – мыс өндірісін кеңейту арқасында әлемдегі мыс шығаратын басты өндірушіге айналу. 1991 жылы KGHM мемлекеттік кәсіпорын ретінде құрылған, ал 1997 жылдан бастап оның акциялары Варшава қор биржасында саудаланады. Польшалық экономика үшін бұл компания стратегиялық қызығушылыққа ие.