​«Тау-Кен Самұрық» АҚ мен ҚР ИДМ келісімшарт түзді

«Тау-Кен Самұрық» АҚ мен Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі арасында Алматы облысында орналасқан Тұйық кен
орнында барит-полиметалл рудалары мен күмісті өндіру бойынша келісімшарт
түзілді. 25 жылға жасалған келісімшартқа сәйкес, жобаны жүзеге асыру 4 кезеңнен
тұрады:

· 2016-2020 жж. – геологиялық
барлау жұмыстары (ГБЖ): Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі
мемлекеттік комиссиясының бекітуімен қорды қайта бағалау, кеніш,
инфрақұрылым құрылысы мен ашық тау-кен
жұмыстары үшін тау жабдықтарын сатып алу;

· 2021-2024 жж. – байыту
фабрикасының құрылысы;

· 2021- 2032 жж. – өндіру:
ашық тау-кен жұмыстары;

· 2033-2043 жж. – өндіру:
жер асты тау-кен жұмыстары.

Кен орнында игерудің аралас тәсілі (ашық және жер асты) қолданылады деп
болжануда. Ашық игеру үшін мына қорлар тартылады:
руда – 8814 мың т., қорғасын – 115,7 мың т., барит – 4476,8 мың т., күміс – 112,8 т., ал жер-асты игеру үшін:
руда – 10952 мың т., қорғасын – 156,3 мың т., барит – 2611,0 мың т., күміс – 69,2 т.

Кәсіпорынның жоспарланған жобалық қуаттылығы жылына 1000 мың т. руданы
құрып, жаңа жұмыс орнының саны 1000 адамға дейін жетеді деп күтілуде.

Бұрындары
жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша Тұйық кен орнының
төменгі қатпарында барланған қорғасын-барит рудаларының мол қоры расталады. Тарихи
материалдар бойынша тау телімі шегінде мыс минералдарының тау телімі шегінен
шығып, тереңдікке, қапталдарға және Тұйық-Темірлік алаңына өтіп жайылуы
анықталды. Зерттеуді және бағалауды қажет ететін тау телімі шегінде және одан
тысқары тереңдікке және қапталдарға жайылған Тұйық кен орнының даму
перспективасы байқалады.

Аталған
келісімшарт «Тау-Кен Самұрық» АҚ минералдық-шикізат базасын қорғасын мен күміспен
көбейтіп, ал жете барлау нәтижесінде – мыстың молаюына мүмкіндік береді деп
күтілуде.