«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ПОЛЬШАЛЫҚ KGHM POLSKA MIEDŹ S.A КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУІ БОЛЫП ӨТТІ

2012 жылғы 6 қарашада «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің польшалық KGHM POLSKA MIEDŹ S.A компаниясымен кездесуі болып өтті. кездесуге сондай-ақ Қазақстан республикасы мен польша республикасы өкілдері қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан бірқатар қатты пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастықтың ықтимал шарттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар, жемісті ынтымақтасу мақсатында талқылауды одан әрі жалғастыруға шешім қабылдады.
KGHM Polska Miedź S.A., әлемдегі аса ірі мыс және тазартылған күміс өндіруші болып табылады. KGHM Polska Miedź S.A. интеграцияланған тау-байыту компаниясы болып табылады және активінде көлік-логистикалық, газ, электроэнергетикалық, метал балқыту, құтқару, геологиялық барлау, құрылыс кәсіпорындары, зерттеу зертханалары және медициналық-санаториялық объектілері бар.