«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ПЕН KORES БАСШЫЛЫҒЫ АРАСЫНДА КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

2012 жылғы 29 тамызда «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен Kores (Корея ұлттық ресурстық корпорациясы) басшылығы арасында, Корея Республикасы Экономика министрлігінің өкілі Ким Чан Кью мырзаның қатысуымен кездесу болып өтті.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар, ұзақ мерзімдік өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге келді және сирек жер металдары (вольфрам, молибден) мен мыс кен орындарын озық инновациялық технологияларды қолдана отырып, бірлесіп игеру бойынша алдағы жұмыстардың қызықтыратын салаларын белгіледі.