2012 жылғы 17 ақпанда «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен «Қазгеология» АҚ арасында, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға (бұдан әрі – меморандум) қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты қатты пайдалы қазбаларды барлау саласындағы жер қойнауын пайдалану қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қол қойылған Меморандум аясындағы бірлескен ынтымақтастық, Қазақстан Республикасының минералды шикізат базасын молайтуға; геологиялық барлау саласындағы жаңа ғылымды қажетсінетін және тиімді технологияларды әзірлеу мен енгізуге; қатты пайдалы қазбалы кен орындарын игеруге тарту жобаларына инвестиция тартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.