«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жылдық есебі 2017 жыл бойынша ең үздік есептер рейтингінде 11-ші орынға ие болды. Ең үздік дизайн рейтингінде ұлттық компанияның Жылдық есебі өткен жылмен салыстырғанда 13 позицияға көтеріліп, 5-ші орынға шықты (2016 жылғы есеп – 18-ші орын).
Беделді сараптамалық комиссия ең алдымен ақпараттың толықтығы мен ашылу сапасын, атап айтқанда, сапалық: түсінікті, анық, маңыздылық сипаттамаларын бағалады.
Жылдық есептер конкурсын 2018 жылы «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен «Қазақстан РА Сарапшысы» рейтингтік агенттігі жүргізді. Конкурс шеңберінде қазақстандық компаниялардың 107 жылдық есептері бағаланды. Конкурсқа кез келген қазақстандық компанияның қатысу мүмкіндігі болды.