Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуде CEO компаниялар Қазақстанның тау-кен және металлургиялық кешенінің коммерциялық тартымды жобалары бойынша инвестициялық шеңберлерді қалыптастыру мәселесін алдын ала талқылады. Осы кезеңде инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру үшін Taỳ-Ken Samuryq және Qatar Mining өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құру шешілді. Тиісті Меморандум келісілді, оған Катар Әміршісі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында наурызда қол қою жоспарланып отыр.
Qatar Mining – тау-кен саласындағы катар мемлекеттік компаниясы, 2010 жылы құрылған. Қатардан тыс жерлерде тау-кен металлургиялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады, өйткені елде қатты пайдалы қазбалардың кен орындары жоқ. Қазіргі уақытта Qatar Mining Суданда және Алжирде екі ірі жобаға қатысады.