Қорғасын-мырыш кенішінің құрылыс барысымен егжей-тегжейлі танысу үшін ДК өкілдері шахтаға түсіп, жерасты құрылыс жұмыстарымен айналысатын мамандармен жеке әңгімелесті. «ШалқияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамының бас директоры Өркен Бейсембаев жобаның статусы, ағымдағы проблемалар мен міндеттер туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда тау-кен мердігерімен жасалған шарт шеңберінде 67,5 мың м3 көлемінде тау-кен-күрделі жұмыстары орындалды, ал 2022 жылға барлығы 88 мың м3 жоспарланған.
Қалдық шаруашылығын салу үшін мердігерді таңдау бойынша конкурс аяқталады. ЕҚДБ қағидаларына сәйкес өткізілетін байыту фабрикасы мен кеніш бетінің объектілерін салуға арналған конкурстар 2023 жылы аяқталатын болады.
Шалқия ТКК-ның жобалық қуаты – жылына 4 млн тонна кен, пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланып отыр. Бұрын хабарланғандай, кәсіпорыннан күтілетін жыл сайынғы салық аударымдары – шамамен 20 млрд теңге.