Директорлар кеңесінің мүшелері кәсіпорындағы негізгі цехтерді аралап, өндіріс ерекшелігімен танысты. «Taỳ-Ken Altyn» ЖШС директорының міндетін атқарушы Асқар Тілеулин кәсіпорын жұмысының жылдық қорытындысын баяндап, жақын келешектегі жоспарымен бөлісті.
Директорлар кеңесінің отырысы аясында Директорлар кеңесінің төрағасы Ернар Жанәділ «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен жаңадан сайланған Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі Кәрім Жанасовты таныстырды.
Айта кетейік, еншілес ұйымдарда көшпелі жиындар өткізу практикасы – «Taỳ-Ken Samuryq» UTK» акционерлік қоғамы үшін дәстүрлі шара. Мәселен, бұған дейін Директорлар кеңесінің көшпелі отырысы «ШалқияЦинк» АҚ-та ұйымдастырылды.