24.KZ: Қызылорда облысында кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Қызылорда облысында қорғасын-мырыш кен байыту комбинатының құрылысы басталды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын ірі жобаны неміс компаниясы жүзеге асырады. Жоспар бойынша жылына 4 миллион тонна өнім өндіретін фабрика 2021 жылы іске қосылуы тиіс. Шалқия кенішін жаңғырту жұмыстары 2014 жылы басталды. Содан бері өндіріске қажетті инфрақұрылым жүргізілді. Шахта қалпына келтіріліп, алдын ала руда қоры дайындалды. Ал бүгін жобаның негізгі бөлігіне кезек келді. Алып құрылыстың іргетасына «уақыт капсуласын» салу рәсімі салтанатты түрде өтті. Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі: – 1500 тұрақты жұмыс орны кен байыту комбинатында болады. Сосын біз жергілікті кадрларды осыған дайындап жатырмыз. Мәскеуде, Санкт- Петерборда жоғары инженерлік оқу орындарында Ресейдің Үкіметінің есебінен инженер кадрлар дайындап, олар да осы жерде жұмыс істейтін болады. Жобада энергия үнемдейтін әрі жоғары өнімді технологиялар пайдаланылады. Мәселен, шикізатты шахтадан 200 метр биіктікке тік конвейірмен көтереді. Мұндай құрылғы бұрын соңды Қазақстанда болмаған. Алик Айдарбаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ақ басқарма төрағасының орынбасары: – Бұл жобаның құны 200 млрд теңге. 2,5-3 жылдың ішінде осы жерде үлкен зауыт салынады. 4 млн тонна өнім шығарылатын болады. Барлық мәселелер шешілген. Бұл жоба жүзеге асады деп сенеміз. Облыс әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және мердігір компания бүгін ынтамақтастық меморандумына қол қойды. Айта кетейік, Шалқия – әлемдегі мырыш қоры бойынша ең ірі 5 кеніштің бірі. Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

БЕЙНЕ КӨРУ