Ақмола облысындағы 1-кезектегі тау-кен металлургия кешенін іске қосу 2021 жылға жоспарланып отыр.
«Масальский тау-байыту комбинаты» ЖШС («Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ еншілес ұйымы) Ақмола облысындағы Масалы кен орнындағы (Қазақстанның солтүстігінде) темір рудасы базасында бірінші кезектегі тау-кен металлургия комбинатын іске қосуды жоспарлап отыр», – деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес металлургия комбинатының құрылысы бойынша қазақстан-қытай жобасының құны 486 млрд теңгені құрайды. «1-кезекті іске қосу – 2021 жылға, 2-кезек – 2022 жылға жоспарланып отыр. Аталған жобаны іске асыру өңірге айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсер етеді», – делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, «Масальский ТБК» ЖШС мен Қытай ұлттық корпорациясы 2015 жылы техникалық импорт пен экспорт бойынша жылына 1 млн. тонна болат шығаратын тау-кен металлургиялық кешеннің құрылысы туралы келіскен болатын. Масалы кен орнындағы С1 және С2 категориялары бойынша руданың жиынтық пайдалану қоры темір 15,82% орташа құрамымен 729 млн 155,727 мың тоннаны құрайды. Кен орны стратегиялық санатқа жатқызылған. «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2009 жылы құрылып, мемлекеттің тау-кен активтерін біріктіріп, «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік қорына кіреді.
Толығырақ: http://www.abctv.kz/ru/last/29067