Kazakhstan today: Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орныныӊ қоры туралы тарихи деректер расталды

Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орныныӊ қоры туралы тарихи деректер расталды.


Бұрғылау жұмыстары Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орнында вольфрам мен молибденніӊ қорлары бар екендігін растады. Топогеодезиялық, геофизикалық және зертханалық-талдамалық зерттеулер нәтижелерін негізге ала отырып, мамандар кен орындарыныӊ үлкен бөлігіне нақты кендердіӊ таралу аймағыныӊ тарихи шекараларыныӊ сәйкес келетіні туралы қорытынды жасады, кен интервалдарыныӊ шекаралары бірнеше метрге дейін дәлдікпен сәйкес келеді. Осылайша, Солтүстік Қатпар кен орныныӊ қорлары шамамен 90 мыӊ тонна вольфрам мен 13 мыӊ тонна молибденді құрайды.

Зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік мамандардыӊ қатысуымен жүргізілді.

Вольфрам кен орындарын игеруді бастауға байланысты негізгі қиындық – Қазақстанда кен орындарыныӊ ерекшелігіне баламалы байыту технологияларыныӊ болмауы. Пекин Тау-кен ісі және металлургия институты Солтүстік Қатпар кен орны үшін кендерді байытудыӊ жетілдірілген технологиясын әзірледі. Технология мыс, висмут және молибден концентраттарыныӊ ілеспе өндірісін болжап отыр.

Қазақстанда 12-ге жуық вольфрам кен орындары барланып отыр, олардыӊ жиынтық қоры 2 млн тоннадан астам вольфрам үшоксиді бағалануда (кеӊес жылдарында алынған тарихи деректер). Еӊ ірісі және келешегі зор болып саналатыны – Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар (Қарағанды облысы). Солтүстік Қатпар қор жағынан орташа болып саналады, ал Жоғарғы Қайрақтыны мамандар бірегей деп атайды – ол әлемніӊ ірі вольфрам кен орындарыныӊ үштігіне кіреді. Жоғарғы Қайрақтыда вольфрам қоры туралы тарихи деректер (1 млн 213 мыӊ тонна вольфрам және 343,5 мыыӊ тонна молибден) геологиялық барлау жұмыстары кешенін аяқтағаннан кейін 2019 жылы расталады деп күтілуде.

АНЫҚТАМАЛЫҚ: Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану құқығы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясыныӊ еншілес кәсіпорны «Солтүстік Қатпар» ЖШС тиесілі.

Вольфрам – сирек химиялық элемент, оныӊ бірегей физикалық қасиеттерініӊ арқасында көптеген өндірістік салаларда (машина жасау, тау-кен өндіру және қорғаныс өнеркәсібі, авиаөндірісі, ядролық физика, ядролық медицина, мұнай-химия және т.с.с.) сұранысқа ие.