«ҚазАқпарат»: «Тау-Кен-Самұрық» «Шалқия» кен орнын жандандырмақ

«Бұл – Қазақстан Республикасындағы ірі кен орындардың бірі, еліміздегі жалпы қорғасын-мырыш қорының 30 пайызы осы жерде. Өздеріңіз білесіздер, кен орны кеңес заманында-ақ қазылған. Бірақ, кейін кен орны жабылып қалды. Тек былтырдан бастап қалпына келтіру жұмыстарын қолға алдық. Біз 2018-2019 жылдарға дейін кен орнының қуаттылығын жылына 4 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз.

Сондай-ақ, біз байыту фабрикасының да құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл жобаға тартамыз деп жоспарлап отырған инвестицияның жалпы сомасы 450 млн. доллар. Жобаның құрылысы кезінде шамамен 1000 жұмыс орны, ал пайдалануға берілген соң 1500 жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта, біз сондай-ақ, мырыш концентратын өңдейтін гидро-металлургиялық кешеннің құрылысын бастаймыз», – деп атап өттi ол.

http://www.inform.kz/kaz/article/2764524