«Северный Катпар» ЖШС Солтүстік Катпар вольфрам кен орнындағы кен орнын салуға инвестициялардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін (Pre-feasibilityStudy) әзірлеуді бастады. Мердігер ретінде отандық жобалау институты таңдалды.
Алдын ала ТЭН – бұл жобаның ерте сатысын талдау, техникалық шешімдерді, капиталға қойылатын талаптарды пысықтау, логистиканы және шешімдерді қабылдау процесіне қажетті басқа да ақпаратты шолу, басқаша айтқанда – инвестициялардың тиімділігі мен орындылығын алдын ала негіздеу.
Бұрын Солтүстік Қатпар кен орнын жете барлау бойынша жұмыстар кешені аяқталған болатын, JORC-2012 кодексіне сәйкес минералдық ресурстар бойынша есеп дайындалды, қорларды есептей отырып, өнеркәсіптік кондициялардың ТЭН есебі және байыту фабрикасын жобалауға арналған технологиялық регламент әзірленді.
Алдын ала ТЭН шарты ашық тендер қорытындысы бойынша «Казгипроцветмет» ЖШС-мен (Қазақстандық түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі бас институт, Өскемен қаласы) жасалды. «Казгипроцветмет» – Қазақстанның жетекші инжинирингтік компаниясы. Институт өз қызметі барысында 73 жыл бойы ірі қазастандық және шетелдік кәсіпорындардың жарты жүздігіне арналған жобаларды әзірлеуге қатысты (оның ішінде Шалқия полиметалл кен орнындағы жерасты кенішінің жобасын әзірлеу).
Анықтама: «Северный Катпар» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны болып табылады.
Солтүстік Катпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындары Қарағанды облысында орналасқан. Солтүстік Катпар кен орнының қоры шамамен 90 мың тонна вольфрам триоксиді және 13 мың тонна молибденді құрайды. Қазіргі уақытта бастапқы геологиялық деректер негізінде Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын игеру жобасының қаржылық-экономикалық үлгісінің аралық есебі орындалды, бұл осы кен орындарын игерудің келешегі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.