Дарындарды басқару процесі перспективада түйінді лауазымдарды/рөлдерді алмастыруға дайын әлеуетті ісін жалғастырушылардың есебінен Қоғамды кадрлармен қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Дарындарды басқарудың негізгі принциптері:
- объективтілік – жұмыскерлердің әлеуетін бағалау жұмыскерлердің құзыретін бағалау негізінде алқалы жүзеге асырылады (шешімдерді талдау және қабылдау; қызметті басқару; көшбасшылық; жаңашылдығы мен өзгерістерді басқаруы; сенімділігі)
- тиімділік – жұмыскерлердің әлеуетін дамыту орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада бизнестің нақты қажеттіліктеріне жауап береді және Қоғамның бір құрылымдық бөлімшесінің аясында шектелмейді
- меритократия, ашықтық және әділдік принциптерінің негізінде қабылданатын шешімдердің негізділігі
- мансаптық жоспарларды талқылау ісін жалғастырушылардың пулдары үшін бағалау процедурасының ажырамас бөлігі болып табылады
- жұмыскерлердің мансабын дамыту өз бөлімшесінің аясында шектелмейді.