Астанада 13-ші МАЙНЕКС Қазақстан форумы басталды. Бұл жолы ірі халықаралық тау-кен-геологиялық форумы «Ұлттық даму игілігі үшін жер қойнауын пайдалану» тақырыбына арналды. Форумға халықаралық, ұлттық тау-кен және геологиялық барлау компанияларының, сервистік және технологиялық компаниялардың, салалық ведомстволар мен ұйымдардың, инвестициялық қорлар мен банктердің өкілдері қатысады. Форумның географиясы мен деңгейі әдеттегідей ауқымды – бұл жолы Астанаға әлемнің 30 елінен делегаттар келді.
МАЙНЕКС Қазақстан форумы жұмысының бірінші күнінде Ұлттық тау-кен компаниясының басшысы Бахыт Чирчикбаев «Тау-Кен Самұрық» серіктестеріне ұсынатын жаңа инвестициялық шешімдерді таныстырды. Компания еліміздің әр өңірлерінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Шартты түрде оларды үш топқа бөлуге болады: «браунфилд» немесе құрылыс кезеңінде барлау және өндірістік жобалар.
Ұлттық компанияда геологиялық барлауға ерекше назар аударылады және мұнда әлеуетті инвесторларға бірлескен кәсіпорын құрып та, құрмай да ынтымақтастықтың әртүрлі нұсқалары ұсынылады. Бахыт Чирчикбаев атап өткендей, жалпы компания болашақ және қазіргі серіктестермен өзара іс-қимылдың түрлі тетіктерін қарастыруға дайын. «Тау-Кен Самұрық» әрқашан жаңа ұсыныстарға ашық.