«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-дағы корпоративтік басқару жүйесі тиісті басқару мен бақылауды, сондай-ақ атқарушы орган, Директорлар кеңесі, Жалғыз акционер («Самұрық-Қазына» АҚ) мен стейкхолдерлер арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған. Корпоративтік басқару жүйесі ұзақ мерзімді құнды өсіруге және орнықты дамуға бағытталған. Корпоративтік басқарудың негізі – тиімділік, жеделдік және ашықтық. Корпоративтік басқару құрылымымен толығырақ Корпоративтік басқару – Құрылым бөлімінде танысуға болады.
«Taý-Ken Samuryq» АҚ-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады.
Компанияның қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге асырады, тәуелсіз директорлар институттары мен Директорлар кеңесінің комитеттері белсенді жұмыс істейді.
Компанияда корпоративтік хатшы, Ішкі аудит қызметі, комплаенс-офицер мен Омбудсмен жұмыс атқарады.
Басқарма алқалы атқарушы орган болып табылады. Компанияның ұйымдық құрылымымен толығырақ Компания – Ұйымдық құрылым бөлімінде танысуға болады.