Есеп беру кездесуі

«Taý-Ken Samuryq» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі директоры Рүстем Мақұлбеков пен портфельдік
офистің басшысы Ермек Малгелдинов еншілес ұйымдар – Тау-Кен Алтын аффинаж зауыты,
«Алайғыр» ЖШС, «Солтүстік Қатпар», «Tau-Ken Temir» және «Silicon mining» ұжымдарымен
1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есептік кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ еншілес ұйымдардың бірінші басшылары – Рустам Акбердин (Tau-Ken Temir) және Данель Скаков (Алайғыр) қатысты. Ұлттық тау-кен
компаниясының өкілдері қызметінің нәтижелері, алдағы жоспарлары туралы айтып, өндірістік
компания қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Қызметкерлер мен басшылық арасындағы
қызу және ашық диалог, кері байланыс және проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтау –
әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың кепілі. «Taý-Ken Samuryq» компаниялар тобында мұндай
бейресми кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл практика әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарында көрсетілген міндеттермен
нығайтылады.