Алайғыр кен орнында полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: қорғасын (Pb), ілеспе өнеркәсіптік элементтер: күміс (Ag)

Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаттамасы

Алайғыр кен орны Қарағанды облысы, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 км жерде Қарқаралы және Шет аудандарының шекарасында орналасқан. Шет ауданының оңтүстік-батысында 60 км жерде Ақсу-Аюлы селосының әкімшілік орталығы орын алған. Таяу елді мекендер – кен орнынан батысқа қарай 24 км жерде орналасқан Ақшоқы совхозы. Темір жолға дейінгі қашықтық – 80 км.

Геологияның қысқаша сипаттамасы

Кен орны Өспен синклинориясының (Өспен жанышталу белдемі) шығыс бөлігінде орналасқан. Кен орны ауданының құрылымына фамен-турне жасындағы терригенді-карбонатты және спилитті-кремнийлі-терригендік формациялар, сондай-ақ ерте перм жасындағы субсілтілі липаритті порфирлердің көмірлі-параллельді формациялары қатысады. Ауданда қорғасын кендену липаритті субвулканикалық денелермен байланысты. Кен орны субендік бағытта 2850 м созылып, шартты түрде 3 учаскеге бөлінген: Батыс – ұзындығы 1240 м (14 кен денесі), Орта – 700 м (7 кен денесі) және Шығыс – 770 м (11 кен денесі). Кен денелері тарамды-ұялас-сеппелік қорғасын кендерінің тік түсетін линза тәрізді кеніштері түрінде кездеседі.

Кен орны Жақсы-Қаражал (1088 м) мен Алайғыр (1012 м) тауларының солтүстік баурайларының етегінде орналасқан және бөлшектелген беткейлері бар аласа қыраттарға тоқайластырылған. Кен орнының учаскесі шегіндегі абсолюттік белгілер 865-тен 930 м-ге дейін ауытқиды, кен шығуларының түптерден салыстырмалы асып кетуі 25-30 м-ге жетеді.

Ауданның климаты күрт құбылмалы, қысы суық, жазы қоңыржай, құрғақ.

Қорлар/ресурстар 

Ағымдағы мәртебесі

«Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылдың 20 қазанында құрылды.

2012 жылы «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ «Алайғыр» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесін алды.

2013 жылғы 20 ақпанда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ арасында Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнында полиметалл кенін өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылды. 2013 жылғы 16 мамырда Келісімшартқа № 1-қосымша келісіммен жер қойнауын пайдалану құқығы «Алайғыр» БК» ЖШС-ға берілді.

2014 жылы Жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмысы басталды. Әзірлеуші – «Институт Карагандинский Промстройпроект» ЖШС.

2015 жылы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмысы аяқталды.

2016 жылы Еуразиялық Даму Банкімен кредиттік шарт жасалды.

2017 жылы Банктен бірінші транш алынып, Байыту фабрикасының бас корпусы қаңқасының құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

2018 жылы жоба бойынша Базалық инжиниринг аяқталды.

2019 жылы тау-кен байыту комбинатының байыту фабрикасының, қалдық қоймасының, айналымдағы су жинақтағыш тоғанның және айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің «Жоба» сатысын жобалау жұмыстары басталды.

2020 жылы JORC-2012 кодексінің стандарттары бойынша «Алайғыр кен орнының минералдық ресурстарын бағалау жөніндегі» есеп әзірленді. Осы жылдың қараша айында «Жоба» және «Жұмыс құжаттамасы» сатыларының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша толық аяқталған кешенді жұмыстарды орындауға, Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнының полиметалл кенін өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатының жабдықтарын жеткізу және байыту фабрикасын, инфрақұрылым объектілерін, қалдық қоймасын және айналмалы сумен жабдықтау жүйесін салуға ЕРС-келісімшарт жасалды.

2021 жылы жасалған ЕРС-келісімшарт шеңберінде байыту фабрикасының негізгі технологиялық жабдығы жеткізіле бастады. JORC-2012 кодексінің стандарттары бойынша минералды қорларды есептей отырып, Feasibility Study есебі әзірленді.

2022 жылы ЕРС-келісімшарт Мердігер ұйым тарапынан келісімшарт талаптарының бұзылуына байланысты бұзылды.
Жобаның негізгі көрсеткіштерін өзектендіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды:

  • басты төмендеткіш 110/6 кВ қосалқы станциясы,
  • 110 және 6 кВ әуе желісі,
  • флотациялық концентрат қоймасы бар т/ж тұйығы,
  • кен орнына және т/ж тұйығына қарай автожолдар,
  • құрамына жөндеу цехы, пит-стоп, қоймалар, өрт сөндіру депосы, асхана, кеңселер кіретін өндірістік-әкімшілік ғимарат.

Қосымша ақпарат және ескертпелер

Жобаны «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Алайғыр» БК» ЖШС басқарады.