Өнім
Металлургиялық кремний
Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаттамасы
Металлургиялық кремний өндіру зауыты Қарағанды облысының Октябрь ауданында орналасқан, «Сарыарқа» АЭА-ның қатысушысы. Зауыттың географиялық орналасуы шикізат пен дайын өнімнің логистикасын қамтамасыз ету бөлігінде оны бәсекеге қабілетті етеді, жақын маңда А-17 Қызылорда – Павлодар ұлттық маңызы бар трассасы болғандықтан автомобиль және теміржол тасымалдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зауыттың аумағында технологиялық жолдар, меншікті темір жол тұйығы, жүктерді қабылдауға арналған бетондалған алаңдар, шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған жабық және ашық қойма үй-жайлары бар.
Жобаның қысқаша сипаттамасы
«Tau-Ken Temir» ЖШС жылына көлемі 23 000 тонна техникалық кремний өндіреді. Зауыттың өндірістік кешені әрқайсысының қуаты 30 МВА екі кен термиялық пештен, сондай-ақ батырылатын доғалы электр пештерін өндіру нарығындағы көшбасшылардың бірі – неміс өндірушісі SMS SIEMAG бірегей жабдығынан тұрады. Кәсіпорынның шикізат базасы «Silicon mining» ЖШС-ға тиесілі – «Ақтас» кварц кен орны. Кен орны Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде орналасқан. Бұл кен орнының кварцы жоғары тазалығымен ерекшеленетіндіктен, оны жоғары маркалы техникалық кремнийді балқыту үшін ең тиімді шикізат етеді. Кен орнындағы кварцтың жалпы қоры 4 млн тоннадан асады, бұл ретте жыл сайынғы өндіру көлемі 72 мың тонна талшықты кварцты құрайды.
Қазақтан республикасының заңнамасына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына сәйкес ҚР Үкіметімен бекітілген Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру аясында 2024 жылы «Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі қатысу үлесін және «Silicon mining» шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 51%-дан бастап 100%-ға дейінгі қатысу үлесін сату бойынша ашық екі кезеңді конкурс өткізілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша Metaleen Investments Holdings» LLC және «TSP Alüminyum Anonim Şirketi» құрамындағы консорциум «Tau-Ken Temir» ЖШС мен «Silicon mining» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 55% сатып алды.