Қарағанды облысындағы металлургиялық кремний өндірісі

Өнімі

Металлургия кремнийі

Инфрақұрылым және алаптың қысқаша сипаттамасы

Зауыт Қарағанды облысының Октябрск ауданында орналасқан, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Сарыарқа» АЭА қатысушы болып табылады. Зауыт ЖЭЦ 3 жанында орналасқан. Зауттың географиялық орналасуы шикізат мен дайын өнімдер логистикасыын қамтамасыыз ету бөлігінде оны бәскеге қабілетті етеді, автомобильмен де және теміржолмен де тасымалдауға мүмкіндік береді – Ұлттық маңызы бар А-17 Қызылорда – Павлодар тас жолына жақын орналасқан, зауыт аумағында технологиялық жолдар, өзіндік теміржол тұйығы, шикізат және дайын өнімдерді сақтауға арналған жабдық пен ашық қоймалық бөлмелері бар.

Жобаның қысқаша сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы тау-металлургия және қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану саласыжөніндегі кеңестің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы отырысында, «Қазақстан Инвестиция қоры» АҚ пен «Тау-Кен Самұрық» АҚ Қарағанды облысындағы металлургия кремнийі өндірісін қалпына келтіру мәселесін пысықтау тапсырылды. Осылайша, жоба, 2013 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Инвестиция қоры» АҚ-пен жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясында, қуаты жылына 23 900 тонна және тазалығы кемі 98,5% металлургия кремнийін өнеркәсіптік өндіру зауытын ісе қосуға әзірлеу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуді меңзейді.

Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны

Қазіргі уақытта «Tau-Ken Temir» ЖШС Қазақстандағы қолданыстағы техникалық кремийді жалғыз өндіруші болып табылады . Зауттың өндірістік кешені әрқайсысының қуаты 30 МВА екі рудотермиялық пештен және көмекші технологиялық жабдықтан тұрады. 2015 жылы РТП-2 іске қосылуына байланысты, өндіру қуаты 21 000 т/жылды құрайды, қосымша автоматтанған технологиялық бөліністі жоспарлау және қолда бар технологиялық циклді жаңалау есебінен 2017 жылы 23000 т/жылға дейін ұлғайту пжоспарлануда. Зауыттың перспективалық (паспорттық) қуаты – жылына 23 900 тонна металлургиялық кремний.

Қосымша ақпараттар мен ескертпелер

Жобаны басқаруды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» aкционерлік қоғамның еншілес компаниясы – «Tau-KenTemir» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүзеге асырады.