Пайдалы қазба түрі
Негізгі элемент: вольфрам (W)
Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: молибден (Mo), мыс (Cu), висмут (Bi)
Объектінің геологиясы
Кен орны Өспен аймағының еңісінде орналасқан және жоғарғы девон – төменгі карбонның әктас блогымен ұштасады. Кен орнының орталық бөлігінде 400-600 м тереңдікте Ақмая сілемінің күмбез тәрізді бөлігін құрайтын кешпермьді граниттері ашылды. Кен орны аумағының негізгі бөлігін құрайтын әктастар надртузивті аймақта мәрмәрланған және скарнирленген. Кен орнының орталық бөлігіндегі скарнді тастамырлар мен тамыршық 300х400м көлеміндегі оңтүстікке тік құламалы қуатты штокверк тәрізді шоғырды қалыптастырады. Құламасында 500м бақыланады. Қапталдарға қарай кен шоғырының қуаты азайып, штокверк линза және пласт тәрізді пішінге айналады.
Қорлар/ресурстар
Indicated+Inferred санатындағы JORC стандарттары бойынша ресурстар көлемі 71,4 млн тонна вольфрам кенін құрайды (142 мың тонна вольфрам триоксиді, 80 мың тонна мыс, 23,6 мың тонна молибден, кендегі 13,7 мың тонна бериллий). Вольфрам триоксидінің орташа мөлшері 0,231% құрайды.
Ағымдағы мәртебесі
2017 жылы – «Северный Катпар» ЖШС-ға қатысу үлесі 100% сатып алынды; байыту фабрикасын жобалауға арналған технологиялық регламент әзірленді.
2019 жылы – инженерлік ізденістер мен геологиялық барлау жұмыстарының кешені аяқталды; JORC-қа сәйкес минералдық ресурстар бойынша есеп әзірленді; өнеркәсіптік кондициялардың ТЭН-і және қорларды есептей отырып есеп жасалды; инженерлік ізденістер орындалды.
2020 жылы – гидрогеологиялық зерттеулер шеңберінде жер асты суларының баланстық қорларын қайта бағалау жұмыстары аяқталды; тау сілемін басқару параметрлерінің геомеханикалық негіздемелерін айқындау жұмыстары аяқталды.
2021 жылы – алдын ала ТЭН әзірленді.
2022-2023 жылдар кезеңінде бастапқы инфрақұрылым объектілеріне ТЭН әзірлеу және ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жоспарлануда.
Қосымша ақпарат және ескертпелер
Жобаның операторы – «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Северный Катпар» ЖШС.