Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Discovery Ventures Kazakhstan Ltd геологиялық барлау жобасы

«Discovery Ventures Kazakhstan Ltd.» ЖК (бұдан әрі – Discovery) – қазақстандық юниорлық компания, Британдық геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын және акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын «East Star Resources Plc.» компаниясының жүз пайыздық еншілес компаниясы,.

Полиметалл кен орындарын іздеу бойынша геологиялық барлау жобасы шеңберінде Discovery компаниясымен бірлесіп 2020 жылдан бастап үш облыстың аумағында жалпы ауданы шамамен 1,2 мың км2 болатын 4 лицензияда жұмыс жүргізілуде.

2021 жылы геологиялық барлау бөлігінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Дальний учаскесінде:
    • аэромагниттік барлау жүргізілді және 481 км2 ауданы бойынша деректер алынды;
    • зерттеу үшін қосымша тарихи деректер алынды. 7 сынамадағы алтынның тарихи құрамы 2,10-нан 7 г/т-ға дейін.
  • Апминтас учаскесінде:
    • аэромагниттік барлау жүргізілді және 380 км2 ауданы бойынша деректер алынды;
    • лицензия аясында 12 нысан бойынша 3 127 метр бұрғыланды (RC-бұрғылау). Жаңа учаскедегі алтынның құрамы 4,51 г/т.
  • Ново-1 және Ново-2 учаскелерінде:
    • зерттеу үшін тарихи деректер жиналуда;
    • далалық жұмыстарды жоспарлау үшін қолда бар деректерге талдау жүргізіледі.

2021 жылдың 07 қазанында Taý-Ken Samuryq пен Discovery арасында Бірлескен кәсіпорын туралы келісімге қол қойылды. 2022 жылғы 09 ақпанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Discovery және Taý-Ken Samuryq пайдасына 80% және 20% қатысу үлесін бөлу арқылы екі бірлескен кәсіпорын құрылды. 2022 жылғы 13 сәуірде Discovery компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде бірлескен кәсіпорындардың пайдасына қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар берілді.

Қазіргі уақытта Discovery геологиялық барлау жұмыстарын, соның ішінде литогеохимиялық жұмыстарды, бағаналық бұрғылау жұмыстарын, геофизикалық жұмыстардың нәтижелерін түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда.