Кадр саясатының мақсаты – Қоғамның қажеттілігіне, қолданыстағы заңнама мен еңбек нарығы жағдайының талаптарына сәйкес персоналдың сандық және сапалық құрамын жаңарту мен сақтау процестерінің оңтайлы теңгерімін, оның дамуын қамтамасыз ету.
Персоналды тиімді басқару принциптері:
1. Персоналға ұзақ мерзімді инвестиция, жалпы корпоративтік ресурс ретінде қарау – персоналды басқару саласындағы іс-шара шығындары өндірістік қызметтің нәтижесімен қайтарылуы тиіс
2. Өзінің міндеттемелерін орындағаны және қызметінің нәтижесі үшін жұмыскерлер мен Қоғамның өзара жауапкершілігі – барынша экономикалық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз ете алатын персоналды басқару саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелерді қолдану
3. Кадрларды олардың кәсіби және тұлғалық қасиеттері бойынша іріктеу және орналастыру – адами ресурстардың сандық-сапалық көрсеткіштерін көрсететін арнайы әзірленген нысандар бойынша деректерді жүйелі жинауды болжайтын бизнес-бағыттарға бағдарлану
4. Персоналдың қызметін жүйелі түрде бағалау – Қоғамдағы адами ресурстардың сапасын және Қоғамның стратегиялық мақсаттарын ескере отырып олардың лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдау
5. Көтермелеу мен шара қолдану туралы шешімдерді қабылдаудағы жылдамдық пен жариялық – адалдықты арттыруға және персоналдың тұрақтамауын төмендету үшін кешенді тәсілдерді әзірлеу, корпоративтік мәдениетті дамыту
6. Кадр саясатын іске асыру аясында қабылданатын шешімдердің сабақтастығы – білімнің, тәжірибе мен дәстүрдің сабақтастығы, жұмыскерлерді дамытуға және оқытуға екпін жасау
Кадр саясатының түйінді бағыттары:
- Персоналдың тиімді жұмыспен қамтылуы
- Корпоративтік мәдениетті жетілдіру
- Персоналды оқыту және дамыту
- Персоналды бағалау және ынталандыру