2019-2023 жылдар аралығында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ еншілес компаниялары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде қатысу өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға 756,4 млн теңге төледі және қазақстандық мамандарды оқытуды қаржыландыруға 839,3 млн теңге жұмсады.

Сонымен қатар «Тау-Кен Самұрық» 2016 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бағдарламаларына қатысады.
Осы уақыт ішінде халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған 2539 жоба мен бағдарлама табысты іске асырылды.


2023 жылы қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан 7,2 млрд теңгенің 46 қайырымдылық жобасын іске асырды. Жарты миллионнан астам қазақстандықтар қажетті көмек пен қолдауға ие болды, 600 жаңа жұмыс орны ашылды.


2024 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басты назарында – инклюзия, денсаулық сақтау, креативті индустрия, спорт және білім беру.

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының әлеуметтік жобалары туралы толығырақ «Samruk-Kazyna Trust» сайтынан білуге болады.