Бүгін «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ және «Qatar Mining» Катар мемлекеттік тау-кен компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат тау-кен саласында перспективасы бар жобаларды іздеу барысында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырады. Ұлттық тау-кен компаниясының басшысы Нұрлан Итемгеновтың катарлық әріптесі Mr. Khalid Al-Obaidli-мен кездесуі Астанада Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.