«ТАУ-КЕН САМұрық» АҚ «КАЗЦИНК» ЖШС қатысу үлесіне иелік етеді.

«ТАУ-КЕН САМұрық» АҚ «КАЗЦИНК» ЖШС қатысу үлесіне иелік етеді

2013 ЖЫЛҒЫ 28 ТАМЫЗДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ТИЕСІЛІ «КАЗЦИНК» ЖШС ҚАТЫСУ ҮЛЕСІ «ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА БЕРІЛДІ.
2013 жылғы 28 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі «Казцинк» ЖШС қатысу үлесі «Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталына берілді.
Қазіргі уақытта «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Казцинк» ЖШС жарғылық капиталына 29,8221% қатысу үлесінің бенефициарлық иесі болып табылады.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ, компанияның құнын өсіру мақсатында, тиімді корпоративтік басқаруды көздейтін кәсіпорындардың белсенді қатысушысы мәртебесін алуды болжайды. 2013 жылғы 28 тамызда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов, «Казцинк» ЖШС Директорлары кеңесінің құрамына енді.
«Казцинк» ЖШС 69,61% мөлшеріндегі қатысу үлесі бар ірі қатысушысы, табиғи ресурстар саласындағы аса ірі әлемдік әртараптандырылған компаниялардың бірі – Glencore Xstrata болып табылады.
Толықтай алғанда, «Тау-Кен Самұрық» АҚ осы актив бойынша «Казцинк» ЖШС және әріптеспен және Қазақстаннның тау-металлургия секторын дамыту бойынша Glencore Xstrata-мен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруды болжайды.
«Казцинк» ЖШС, Қазақстан Республикасының тау-металлургия саласындағы жүйе құрушы активтердің бірі болып табылады. «Казцинк» ЖШС 2012 жылы 301 266 тн. мырыш, 82 536 тн. қорғасын, 547 680 тр.унц. алтын және 52 649 тн. мыс өндірді.