
«ТАУ-КЕН САМұрық» АҚ «КАЗЦИНК» ЖШС қатысу үлесіне иелік етеді
2013 ЖЫЛҒЫ 28 ТАМЫЗДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ТИЕСІЛІ “КАЗЦИНК” ЖШС ҚАТЫСУ ҮЛЕСІ “ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА БЕРІЛДІ.
2013 жылғы 28 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі “Казцинк” ЖШС қатысу үлесі “Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталына берілді.
Қазіргі уақытта “Тау-Кен Самұрық» АҚ, “Казцинк” ЖШС жарғылық капиталына 29,8221% қатысу үлесінің бенефициарлық иесі болып табылады.
“Тау-Кен Самұрық» АҚ, компанияның құнын өсіру мақсатында, тиімді корпоративтік басқаруды көздейтін кәсіпорындардың белсенді қатысушысы мәртебесін алуды болжайды. 2013 жылғы 28 тамызда “Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов, “Казцинк” ЖШС Директорлары кеңесінің құрамына енді.
“Казцинк” ЖШС 69,61% мөлшеріндегі қатысу үлесі бар ірі қатысушысы, табиғи ресурстар саласындағы аса ірі әлемдік әртараптандырылған компаниялардың бірі – Glencore Xstrata болып табылады.
Толықтай алғанда, “Тау-Кен Самұрық» АҚ осы актив бойынша “Казцинк” ЖШС және әріптеспен және Қазақстаннның тау-металлургия секторын дамыту бойынша Glencore Xstrata-мен одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруды болжайды.
“Казцинк” ЖШС, Қазақстан Республикасының тау-металлургия саласындағы жүйе құрушы активтердің бірі болып табылады. “Казцинк” ЖШС 2012 жылы 301 266 тн. мырыш, 82 536 тн. қорғасын, 547 680 тр.унц. алтын және 52 649 тн. мыс өндірді.