14 қарашада кездесулер «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-та, ал 16 қарашада – Қарағанды өңірінде – «Tau-Ken Temir» ЖШС-да, «Северный Катпар» ЖШС-да, «Silicon mining» ЖШС-да және «Алайғыр» БК» ЖШС-да өтті. Сенім білдірілген адамдар Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы айтып берді. «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» үш кит негізінде: әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам. Экономика мен билікті монополиясыздандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, адам әлеуетін іске асыру үшін кең мүмкіндіктер, әділ әлеуметтік саясат жүргізу.
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция өкілдері бұл қадамдардың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді. Көтерілген тақырыптар әрбір қазақстандыққа қатысты және кездесулердің қызығушылық тудырғаны таңқаларлық емес. «Taý-Ken Samuryq» компаниялар тобының жұмыскерлері қазіргі президенттің кандидатурасын қолдап, 20 қарашадағы сайлауда өзінің азаматтық ұстанымын белсенді түрде көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті. Атап айтқанда, Нұрлыбек Жанұзақов («ШалқияЦинк ЛТД» АҚ) бүгінгі геосаяси жағдайда Қазақстанға ішкі тұрақтылықты сақтау және мемлекет басшысының реформаларын қолдау үшін қоғамды шоғырландыру бұрынғыдан да маңызды екенін атап өтті.
Кездесулерді «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Нұрлан Итемгенов ұйымдастырды. Сондай-ақ, сайлауалды кездесулерге Жер қойнауын пайдалану және мемлекеттік органдармен байланыс департаментінің директоры Ерлан Қалмырза, портфельдік кеңсенің басшысы Ермек Малгелдинов, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ бас директоры Өркен Бейсембаев қатысты.
Шалкқияда Қоғамдық штаб атынан «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Персоналмен жұмыс басқармасының бастығы Евгений Метелев және «Кингка майнинг» ЖШС бас инженері Ескендір Арзуметов сөз сөйледі.
Қарағанды өңіріндегі сайлауалды кездесуді ұйымдастырушылардың қатарында «Tau-Ken Temir» ЖШС бас директоры Александр Ақбердин; Аркадий Лигай, «Северный Катпар» ЖШС Бас директоры; Эльмира Кенжебекова, «Silicon Mining» ЖШС Бас директоры бар. Мұнда халықтық Коалиция атынан қалалық мәслихат хатшысы – Құдайберген Бексұлтанов, «Amanat» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Юлия Бадина, облыстық мәслихат депутаты, «Қазақстан Халықтық партиясы» ҚБ облыстық филиалының басшысы – Халел Мақсұтов, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры – Ернар Күлпейісов, облыстық мәслихат депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиядан фракция мүшесі – Марина Шиллер, Қарағанды қаласы А. Бөкейханова ауданының «Amanat» партиясы филиалының басшысы – Тимур Шағатаев, қалалық мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясының фракция мүшелері – Әділ Упабеков, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева қатысты.
Ұлттық тау-кен компаниясы басшылығының атынан Нұрлан Итемгенов жұмыскерлерді елдің қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмауға шақырды. «20 қарашада Қазақстанның әрбір азаматы сайлау учаскелеріне келіп, өзінің конституциялық сайлау таңдау құқығын пайдалануы тиіс», – деп түйіндеді ол.