Тиімді команда – табыстың шешуші факторы!

Корпоративтік іс-шара «Тау-Кен Самұрық» АҚ соңғы жылдардағы негізгі жетістіктері мен табысты жобалары туралы бейнероликті көрсетумен басталды. Бейнероликте Компанияның «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты, «Tau-Ken Temir» кремний зауыты және «Шалқия Цинк ЛТД» сынды ірі жобалары көрсетілді. Аталған жобаларды іске асыру барысында Компания басшылығы алға қойған мақсаттар мен міндеттер ұжымның кәсіби біліктілігі мен командалық рухы арқасында ғана іске асып, шындыққа айналуда. Бұл туралы ұжым алдында сөйлеген сөзінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы – Мәжит Тұрмағамбетов атап өтті. Сондай-ақ, ол тау-металлургия саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, іс-шараның негізгі бөлігі – зияткерлік сайысты ашық деп жариялады.

dd04d981ef56aae003acfa6c4e2e9c0c.JPG

Іс-шара шеңберінде «Brain ring» зияткерлік ойыны өткізілді. Жеребе тастау кезінде қатысушылар 10 адамнан 6 командаға бөлінді. Ойын «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік теледидар ойыны форматында өтті. Ойын барысында сайыскерлерге жалпы тақырып бойынша күрделі әрі логикалық, сондай-ақ салалық сұрақтар да қойылды. Аталған ойынның негізгі мақсаты қатысушылардың топтың көшбасшысын дербес анықтап, қойылған міндеттер мен берілген тапсырмаларды бүкіл команданың жедел және тиімді шешуі болды. Әр ойыншының командада ойнауға әзірлігі және әр қатысушымен тиімді өзара қарым-қатынасты құра білу қабілетіне үлкен мән берілді. Ұзаққа созылған ой-сана «шабуылынан» кейін, жеңіс ең көп бал санын жинаған №2 командаға бұйырды.

bb11c4d809f34b4da84c50b5d20f0586.JPG

Жарыстың жеңімпаздары мен ең белсенді қатысушыларына сыйлықтар табысталғаннан кейін, қызметінде үздік деп танылған қызметкерлерді марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

Сондай-ақ, корпоративтік іс-шара шеңберінде гольф бойынша шеберлік сағаты өткізілді. Онда тілек білдірушілер ойынның негізгі қағидаларымен танысуға және гольф ойыны кезінде оларды іс жүзінде қолдана алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған ойын, Компания қызметкерлерінің өз әріптестерімен жақынырақ танысуына және ресми емес жағдайда сұхбаттасуына көмектесуімен тиімді болды.

b80d80a760275d392142f65ee939b5f0.JPG