Нұр-Сұлтан қаласында «Самұрық-Қазына» қоры тәжірибе және озық өнегемен алмасу, орын алған түйткілдерді талдау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында жаңа ірі сараптама алаңын құру мақсатында алғашқы Health&Safety форумын ұйымдастырды. Сөз тізгінін ұстаушылар ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының өндірістік компанияларының, халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлері және тәуелсіз сарапшылар ойларын ортаға салды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев форум қонақтарын қарсы ала отырып, қатысушылармен бүгінгі таңда Қор тобында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сын-тегеуріндер туралы әңгімеледі. «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші болып табылады. Компаниялар тобы қызметкерлерінің саны 250 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте өндірістік персоналдың үлесі жалпы санның 92,4%-ын құрайды. Атап өтер жайт, Қор көптеген жылдар бойы қауіпсіз өндіріс құндылықтары мен тәсілдерін ілгерілетуге күш-жігер мен ресурстар бөліп келеді. Дегенмен, біз өз кәсіпорындарымызда нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша мақсатты көрсеткіштерден әлі де алыспыз. Жыл қорытындысы бойынша тиісті компаниялардың Директорлар кеңестерінің алдына өндірістік қауіпсіздік саласында бірінші басшылардың жүргізген жұмысы туралы сұрайтын боламыз.
Кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен және жалпы Қор үшін басты құндылық болып табылады және барлық қатысушыға әрбір жазатайым оқиғаны ерекше бақылауда ұстайтынымды ескерткім келеді», – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев. Сонымен бірге, форум шеңберінде Қор тобының 13 ірі компаниясының топ-менеджерлері H&S саласында жеке міндеттемелерге қол қойды. Басшылар жеке үлгі басы үлгі бола отырып, қауіпсіздік құндылықтарына адалдығын көрсетуге, компанияларда еңбекті қорғау саласында озық тәжірибені енгізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға міндеттенді.
Тиісті міндеттемеге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Samruk-Kazyna Constraction» АҚ сияқты компаниялардың басшылары отырды.
Форум жұмысына халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысып, еңбекті қорғау саласындағы әлемдік жетістіктер туралы мәліметпен бөлісті. Форум спикерлері арасында ORP (Халықаралық тәуекелдерді алдын алу қоры), EBRD (Еуропалық қайта құру және даму банкі), EVERYCO Central Asia Kazakhstan, IOSH (Қауіпсіздік техникасы және денсаулықты қорғау институты), NEBOSH (Ұлыбританияның еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық емтихан кеңесі), OPITO және басқа да белді тарап сарапшылары болды.
Қор өкілдері өндірістік компанияларда соңғы төрт жылда жұмыс уақытын жоғалтатын жарақат коэффициентінің 24%-ға төмендеуіне қол жеткізілгенін атап өтті. Зардап шеккендер саны 35%-ға азайды: 2018 жылғы 165-тен 2021 жылы 108-ге дейін. Қорда және портфельдік компанияларда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын мониторингілеу үшін үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлерді оқыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бірқатар портфельдік компанияларда есептіліктің ашықтығының жеткілікті деңгейін, коммуникацияларды дамытуды және қауіптерді сәйкестендіру мен тәуекелдерді басқаруды жеңілдететін басқа да шешімдерді қамтамасыз ететін ІТ-шешімдер іске асырылған. Осындай қадамдар қорға жағдайды болжай отырып және өндірістік қауіпсіздік саласында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті іс-шараларды алдын ала жоспарлаған сипатта, портфельдік компаниялардың қызметіне проактивті ден қоюға мүмкіндік береді. Аталған бағытты дамытуда 2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ тобында Қауіпсіздік жылы болып жарияланғаны маңызды рөл атқарды.
Анықтама: 26 мамырда KIOSH-2022 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі X қазақстандық халықаралық конференциясы шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Vision Zero» бизнес консулы (жаһандық амбассадоры) тұлғасындағы халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Қор компаниялары тобының тәжірибесінде Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының қағидаттарын насихаттау.
Ақпарат көзі: https://sk.kz/press-center/news/73346/?lang=kz