Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңына сәйкес
Қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады:
1) iрi акционер;
2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, 1), 3) және 8) тармақшаларда аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
3) қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;
4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;
5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
6-1) оған қатысты 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;
7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;
9) дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп қоғамның не 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларда аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады.
Бөлімнің құжаттары: