«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының қызметі Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тау-металлургия кешені (әрі қарай –ТМК) саласын дамытуға тапсырған міндеттерін іске асыруға бағытталған.
Біз жүргізетін жұмыстар ТМК: геологиялық барлау, өндіру, байыту және металлургиялық қайта өңдеу сияқты барлық технологиялық тізбегін қамтиды.
Геологиялық барлаудың негізгі міндеті болып басымды қатты пайдалы қазбалар (әрі қарай – ҚПҚ) бойынша геологиялық барлау жұмыстарын (әрі қарай – ГБЖ) жандандыру және ГБЖ жылына 200 млн. АҚШ долл. көлемінде қаржыландыруға қол жеткізу.
Өндіру және қайта өңдеу саласындағы басымдық, компанияның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, шикізатты кешенді өңдеуді және тиімді инновациялық технологияларды тарту мен енгізу болып табылады.
Қосылу және жұтылужобалары минералды шикізатты өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыру үшін дайын стратегиялық объектілерді сатып алу есебінен компанияның ресурстық базасын кеңейтуге бағытталған.
Тапсырылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2022 жылға қарай саланың озық технологияларын және әлемдік үздік тәжірибені енгізетін, Қазақстанның тау-металлургия секторындағы аса ірі ұлттық компаниясына айналады.
Геологиялық барлау
Қазақстандағы қатты пайдалы қазбалардың (ҚПҚ) экономикалық, нарықтық және әлеуметтік қырларын мұқият саралау негізінде компанияның даму стратегиясында мынадай басымды ҚПҚ белгіленген:мыс, мырыш, қорғасын, алтын, темір, вольфрам, хром және қалайы.Осыған сәйкес, орындалатын жобалар мынадай дивизиондарға бөлінді: мыс, алтын, қорғасын-мырыш, темір және сирек жер металдары.
Басым ҚПҚ бойынша компанияның ресурстық базасын дамыту үшін «Тау-Кен Самұрық» АҚ тұрақты негізде Инвестициялар және даму министрлігімен (ИДМ), «Қазгеология» АҚ ұлттық компаниясымен және басқа да жер қойнауын пайдаланушылармен, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін перспективалық объектілерді таңдау мақсатында жер қойнауының бос учаскелерін талдауды жүзеге асырады.
Талдау нәтижелері бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін құзыретті органмен тікелей келіссөздер жүргізілуде. 2013 жылымынадай жобаларды іске асыруға келісімшарттар жасалды:
1. Алматы облысындағы Тұйық-Темірлік кенді ауданындағы мысты, қорғасынды, баритті барлау.
2. Қарағанды облысындағы Спасск мыс рудасы аймағындағы мысты, алтынды және ілеспе компоненттерді барлау.
3. Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнында полиметалл рудасын өндіру.
4. Жамбыл облысындағы Гагарин кен орнында алтынды барлау.
Қаратас-Майбұлақ алабы және Прогресс кен орындары бойынша келісімшарттар рәсімдеу жөніндегі процедуралар аяқталып келеді.
Компанияның 8 объект бойынша жер қойнауын пайдалануға құқығы бар.
Біз қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстарын мына жобалар бойынша жүзеге асырудамыз:
Мыс дивизионы
«Қарағанды облысындағы Спасск мыс рудасы аймағында мысты, алтынды және ілеспе компоненттерді барлау» жобасы
«Алматы облысы Тұйық-Темірлік руда аймағындағы мысты, қорғасынды, баритті барлау» жобасы
Алтын дивизионы
«Ақмола облысындағы Ешкіөлмес кен орнында алтынды, мысты барлау« жобасы
«Алматы облысы Тау етегіндегі Кетмень учаскесінде алтынды барлау» жобасы
«Жамбыл облысындағы Шоқпар және Гагарин кен орындарында алтынды барлау» жобасы
Темір дивизионы
«Қарағанды облысындағы Батыс Саяқ кен орнында титан-магнетит рудасын барлау» жобасы
Сондай-ақ 2013 жылы біз Құзыретті органмен тікелей келіссөздерді мына объектілер бойынша жүргіздік:
1) Алматы облысындағы Қарағайлыақтас кен орнында қалайыны, вольфрамды, литийді барлау;
2) Жамбыл облысындағы Қаратас-Майбұлақ алабында алтынды барлау;
3) Қарағанды облысындағы Оңтүстік Мойынты алабында алтынды барлау;
4) Ақмола облысындағы Приозерное алаңында сирек жерлерді барлау;
Прогресс, Тұйық және Жоғарғы Қайрақты кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығын алу жөніндегі мәселелер шешілу үстінде.
Өндіру жобалары
Қазіргі уақытта Алайғыр кен орны жобасы бойынша ғана өндіру жобалары портфелі ұсынылған.
«Алайғыр» БК» ЖШС
Алайғыр кен орны полиметалл рудасын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды орындауды, Қоғамның 100% еншілес ұйымы «Алайғыр» БК» ЖШС жүзеге асырады. Жоба аясында қорғасын қоспасы алынатын, тау-байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері инфрақұрылымға арналған алаңдар дайындала отырып, 250.0 мың м3 көлемінде тау-дайындық (ашу) жұмыстарыжүргізілді.
Жобаны іске асыру үшін бизнес-жоспар мен бюджет әзірленді.
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ акциялары иелену 2014 жылғы маусымнан бастап «Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталына берілді. 2014 жылғы шілдеде «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ акциялары жарғылық капиталға берілді.
Кен орнында қорғасын-мырыш кенін өндіру мен өңдеу ұйымдастыру және қорғасын және мырыш қоспасын шығару жөніндегі жұмыстарды «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жүзеге асырады. На месторождении начато проведение восстановительных работ существующей инфраструктуры рудника (ремонт административно-бытового комплекса, ремонт внутриплощадочных дорог, асфальтирование автодороги от АБК до КПП, ремонт комплекса зданий и сооружений шахты «Выдачная», ремонт здания компрессорной, центрального склада и ВГСЧ). Тау-шахта жабдықтарын тексеру мен автокөлік құралдарын ішінара сатып алу жүргізілуде, «“Қазмеханөңдеу” ҒӨСБ МК және Түсті металдар ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп, шарттар жасау мен кеннің байығыштығына арналған технологиялық зерттеулер жүргізу және технологиялық регламентті әзірлеу үшін өкілдік сынаманы жеткізу мәселесі пысықталуда.
«Масальский ТБК» ЖШС
2014 жылғы шілдеде «Масальский ТБК» ЖШС 93% қатысу үлесіне «Тау-Кен Самұрық» АҚ ие болды. Жоба байыту фабрикасын салуды көздейді.
Масальский кен орны бойынша жыл сайын 10 млн. тонна көлеміндегі руданы өндіру мен өңдеу болжанады. Қазіргі уақытта «Алматы облысындағы Масальский кен орны темір рудасын өндіру» жобасын іске асыру шеңберінде, жобаны іске асырудың іс-шаралары жоспары әзірленді, осыған сәйкес технологиялық зерттеулер жүргізуге және байытуға, металлургиялық қайта бөлуге арналған технологиялық регламентті әзірлеуге «Горное Бюро» ЖШС шарт жасалды. Масальский кен орны рудасы мен қоспасын өңдеу жөніндегі технологиялық регламенттерді әзірлеуге арналған техникалық тапсырмалар әзірленді.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ жобалар портфелін кеңейту жолында жұмыс жасауда, атап айтқанда темір рудасы, сирек металдар және қорғасын-мырыш, басқа да дивизиондарды дамыту үшін стратегиялық маңызды кен орындарын сатып алу мәселесі пысықталуда.
Осындай жұмыстардың нәтижесі, ГБЖ және өсу жобаларын одан әрі қайта инвестициялау мақсатында кіріс құраушы базаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа қайта бөлуді игеру
Орта мерзімдік болашақта Компания, минералды шикізатты өңдеу тізбегінде қайта бөлудің барынша жоғары деңгейіне шығуға және тазартылған металл мен прокат бұйымдар өндіру бойынша жаңа металлургия зауыттарын жасауды бастауға кірісудіболжап отыр.
Осы мақсатта біз қайта өңдеуді және түпкі қайта бөлуді жасаудың және дамытудың тиісті тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастадық.
Электрометаллургиялық болат өндірісі құрылысының Тұжырымдамасын әзірлеу үшін жобалау-консультанттықұйымдарды іздестіру жұмыстары жүруде.
Сонымен бірге, аффинаж өндірісінің технологиялық тізбегін дамыту жөніндегі мәселе пысықталуда.
«Аффинаж зауыты»
Қазақстанда қымбат бағалы металдар өндірісін дамыту мақсатында және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, компания 2012 жылы Астана қаласында аффинаж зауытын салуға кірісті. Жобаның операторы болып еншілес компания «Тау-Кен Алтын» ЖШС табылады.
Қуаты жылына 25 тонна тазартылған алтын және 50 тонна тазартылған күміс аффинаж зауытының құрылысы 2013 жылғы төртінші тоқсанның соңында аяқталды. 2013 жылғы 25 қарашада объектіні іске қосу жүзеге асырылды және салынған объектіні пайдалануға беру туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды. 2013 жылғы желтоқсанда зауытта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев болып, алғашқы өнім алынған іске қосу-реттеу жұмыстарын өткізуге қатысты.
2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шамамен 7 тонна тазартылған алтынның алғашқы партиясын жөнелтілді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 3 тоннаға көбейіп, 10 тоннадан жоғары алтынды құрады. 2016 жылы тазартылған алтынның 12 тонна, 2017 жылы – 15 тонна, 2018 жылы – 20 тонна стандарт құймасын өндіру жоспарланып отыр және үстіміздегі жылы Лондонның қымбат бағалы металлдар биржасының (LBMA) Good Delivery мәртебесін алу және әлемдік нарыққа шығу жоспарланып отыр. Ал алтынның 25 тонна жобалық қуатына шығу 2019 жылға жоспарланған.
Зауыт, қазіргі заманғы ең соңғы және әлемдегі осы тектес жабдықтардың жетекші өндірушісі итальяндық IECO keepsonimprovingкомпаниясының жоғары өнімді жабдықтарымен жарақталған. Зауыт мамандары Италиядағы осы компанияда білімін көтеріп оралды.
Металлургия кремнийі өндірісі бойынша зауыт
Қазақстан Республикасы Президенті жағындағы Тау-металлургия саласы, геология және қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің тапсырмасын орындау жолында, Компания 2013 жылы Қарағанды қаласындағы металлургия кремнийі өндірісі жөніндегі зауытты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Жобаның операторы «Тау-Кен Темір» ЖШС еншілес ұйымы болып табылады.
«Тау-Кен Темір» ЖШС қызметкерлері «OTTO WOLFF» және «SMS Siemag» компанияларының мамандарымен бірлесіп, зауыттың өндірістік қуатына техникалық аудит жүргізді.
Зауытта басты цех бар, оның құрамына екі рудотермиялық пеш пен шикізат әзірлеуге арналған қосымша объектілер блогы кіреді, онда пештің корпусы, газ тазарту корпусы, газ сақтайтын орын, су әзірлеу құрылысы және басқа да құрылыстар орналасқан. Доға тәрізді рудотермиялық пештердің әрқайсысының жылдық жобалық қуаты 12,5 мың тонна металлургия кремнийі. Жалпы жобалық қуаты жылына 25 мың тонна құрайды.
Үстіміздегі жылғы қазанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, №1 рудотермиялық пеште алғашқы құйма жүзеге асырылды және металлургия кремнийі алынды.
Компанияны инновациялық-технологиялық дамыту
Компанияның негізгі басымдықтарының бірі, инновациялық-технологиялық әлеуетті дамыту және тиімді технологияларды енгізу болып табылады. Технологиялық шешімдерді іріктеу және енгізу мақсатында, Қомпанияда Ғылыми-техникалық кеңес құрылған.
Қазіргі уақытта инновациялық технологияларды, патенттерді, минералды шикізаттан және жоғарғы қайта бөлу металлургиясынан пайдалы компоненттерді кешенді алу бойынша соңғы әзірлемелерді іздестіру мен талдау жүзеге асырылуда. Солардың негізінде, жаңа технологиялар трансферті мен енгізу, темірді, полиметалды, мысты және төзімді алтын аралас рудаларды өңдеу бойынша күшейтілген және жартылай өнеркәсіптік, зертханалық зерттеулер жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындалуда.
Орташа мерзімдік болашақта, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық технологиялық тізбек бойынша тау-металлургия өндірісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын құруды ұйымдастыру қаралу үстінде.
2016 жылғы қаржы-экономикалық көрсеткіштер
Атауы |
Өлшем бірлігі |
2012ж. Факт |
2013ж. Факт |
2014ж. Факт |
2015ж. Факт |
2016ж. Жоспар |
ROACE* |
% |
(2,7) |
1,2 |
0,06 |
(3,42) |
1,9 |
EBITDA margin* |
% |
– |
– |
(3,78) |
(0,2) |
(0,7) |
Таза табысшығын) |
млн. теңге |
(608) |
1 670 |
147 |
(14 017) |
9 353 |
* – көрсеткіштер Жалғыз акционер бекіткен әдістеме бойынша есептелді
2016 жылы, қатысу әдісі бойынша есепке алынатын, «Қазмырыш» ЖШС таза табысы есебінен қалыптасатын, 9 353 млн. теңге мөлшерінде шоғырландырылған таза табысқа қол жеткізу жоспарланып отыр.
Өндірістік көрсеткіштер
2016 жылы Алайғыр жобасы бойынша мыналар жоспарланған:
- Байыту фабрикасының жобасын әзірлеуді аяқтау.
- Тау-кен көлік машиналары мен қосалқы жабдықтарды сатып алу.
- Байыту фабрикасы үшін жабдықтарды дайындауға арналған тапсырыстарды орналастыру.
- ЭТЖ мен НТП құрылысы.
- Тау-кен дайындық жұмыстарын жүргізу.
- JORC стандартына алмастыру бойынша кен орнының пайдалы қазбаларының қорын қайта бағалау.
- Ғимараттардың, құрылыстардың, инфрақұрылым объектілерінің құрылысы.