Кадр саясаты

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ кадр саясаты Қоғамды дамыту стратегиясын іске асыруға бағытталған адам ресурстарын басқару қағидаттарының, негізгі бағыттарының, тәсілдері мен әдістерінің жүйесін айқындайды.

Саясаттың мақсаттары:

• персоналға инвестициялардың табыстылығын қамтамасыз ету
• адам ресурстарын жоспарлау
• ұжымда жұмыс атмосферасын құру
• әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
• әділ еңбекақы төлеу жүйесін құру
• корпоративтік бірегейлік пен өзін-өзі тануды нығайту
• корпоративтік мәдениетті дамыту

Cаясаттың негізгі қағидаттары:

• проактивтілік
• айқындық пен ашықтық
• HR интеграциясы
• сабақтастық
• жұмыскерлермен жұмыс берушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған

Саясаттың тиімділігінің негізгі көрсеткіштері:

• персоналдың қатысу индексін және SRS арттыру
• компаниядағы басқару құрылымын оңтайландыруға не активтердің шығуына байланысты іс-шараларды қоспағанда, персоналдың          қозғалысын тұрақтандыру және кадрлардың тұрақтамауының өсуіне жол бермеу
• оқытудан және біліктілігін арттырудан өткен жұмыскерлердің үлесін ұлғайту
• персоналдың негізгі техникалық және басқарушылық дағдыларын дамыту
• сабақтастық және білім трансферті жоспарын дамыту, орындау бағдарламаларының тиімділігі
• басқару органдары мен атқарушы органдардағы әйелдердің үлесін ұлғайту


Персоналды кәсіби дамыту

Дарындарды басқару