«Қазақстан Республикасының тау-металлургиялық саласының даму перспективасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясы (видео) «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы М.Тұрмағамбетовтың алғы сөзімен басталды. Өз баяндамасында ол ҚР тау-металлургиялық саласының бүгінгі жай-күйін, аталмыш саланың дамуына әсер ететін факторларды айтып, Компанияның негізгі жобаларына кеңінен тоқталды.

Қазіргі уақытта тау-металлургия кешені Қазақстан экономикасының барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамушы секторларының бірі болып табылады. Ағымдағы 2015 және өткен 2014 жылдар ғаламдық дағдарыстың дамуымен сипатталады. Әлемдік және қазақстандық тау-металлургия өнеркәсібінің даму үрдісі, әлемдік экономика даму қарқынының баяулауымен Еуроодақтағы дағдарыс құбылыстарымен, Қытайдағы және АҚШ-тың құлдырауымен әлемдік нарықтағы түсті және қара металдар бағасының төмендеген трендімен айқындалады.

Әлемдік және отандық экономикадағы жағымсыз үрдістерге қарамастан, «Тау-Кен Самұрық» компаниясы жоспарланған стратегиялық дамыту іс-шараларын іске асыру үшін барлық күш жігерін жұмсады. Осы бір күрделі кезеңде «Тау-Кен Самұрық» АҚ қолданыстағы геологиялық барлау, өндірушілік және металлургиялық жобаларды іске асыруды жалғастырды. Аталмыш жұмыстар аясында Компания инновациялық технологияларды ендіруге үлкен көңіл бөлуде.

c8481751cd2303d12cae1485b564dbf7.png

Өткен жылы мемлекет басшысы ұсынған «Нұрлы Жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы (Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты) Компанияның жобаларын іске асыруға мүмкіндік жасайтын болады. Атап айтқанда, аталмыш бағдарламаның жол соғу бойынша жүргізетін, компанияның Масал (Масальский), Шалқия және Алайғыр кен орындарына жақын жатқан көлік-логистикалық жобалары: «Батыс Қытай – Батыс Еуропа», «Астана – Алматы», «Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда» Компанияның жоғарыда аталып өткен жобаларының іске асуына өзіндік үлесін қосатын болады. Сонымен қатар, кремний өндіретін зауыттың бәсекелестік қабілетін көтеру және де Елбасының Жаңа Экономикалық Саясаты «Нұрлы жол» бағдарламасында Арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) шынайы жобалармен толтыру туралы айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында, кремний зауыты Қарағандылық АЭА құрамына енгізілді.

Компанияның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасайтын негізгі жобалар қатарында мына жобалар кіреді:

  • титан-магнетит рудасын игеру жөніндегі және оның негізінде Масал (Масальский)кен орны жанында толық циклды металлургия кешенін салубойынша жоба;
  • байыту фабрикасын және металдық мырыш пен қорғасын өндіру зауытын сала отырып,
  • әлемдегі аса ірі Шалқия полиметал рудалы кен орнын игеру және қорғасын концентратын шығару бойынша жоба;
  • Алайғыр қорғасын кен орнын игеру жөніндегі жоба;
  • сирек кездесетін металдарды өндіру бойынша құрылыс жүргізілетін Солтүстік Қатпар (Северный Катпар) сирек металдар кен орны бойынша жоба;
  • Астана қаласындағы аффинаж зауытында тазартылған алтын мен күміс өндіру бойынша жоба;
  • Қарағанды қаласындағы зауытта металлургиялық кремний өндіру жөніндегі жоба.

Бұл жобалардың барлығы шетелдік, оның ішінде еуропалық әріптестердің қатысуымен құрылуда және игерілуде. Outotec, ThyssenKrupp, Siemens, Shen Wu, CNTIC және басқа да, ірі бағдарлы компаниялармен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Мысалы, Масальское кен орнындағы кенді байыту және қайта өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін «Тау-Кен Самұрық» АҚ Outotec (филиалы Германияда), «Уралмеханобр» ААҚ (Ресей), Shen Wu (ҚХР) сияқты компаниялармен ынтымақтастық орнатқан. Жобаны іске асыру аясында жылдық қуаты 10 млн.-нан астам кен алып, оны өндіру бойынша тау-байыту фабрикасын салу, сондай-ақ, жылына 1 млн.-ға дейін жоғары сапалы болат маркаларын шығаратын металлургиялық кешен құрылысы қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру арқасында жаңа 2 мыңнан астам жұмыс орны пайда болып, машина құрастыру саласы болаттың жоғары сапалы түрлерімен қамтылады.

«Шалқия» кен орны елдің 30% ресурсын құрайтын Қазақстандағы аса ірі белгілі мырыш кен орны болып табылады және негізгі туыстас, жан-жақты барланған екі руда дененің басын қосады. Жер асты тәсілімен өңдеуге жататын қоры мырыштың орташа құрамы бойынша 4,27% және қорғасын 1,28%, барлығы 127,5 млн. тонна (В+С1+С2) құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру аясында 2018 жылға дейін жылдық кен қуаты 2 млн. тоннаға дейін, ал 2021 жылға дейін жылдық қуаты 4 млн. тонна дейін жететін кен орны мен тау-байыту фабрикасын (ТБФ) соғу жоспарланған. ТБФ-сын соғу барысында 956 жұмыс орны, ал кейін оны пайдалануға бергенде 1540 жұмыс орны пайда болады.

Шалқия кен орның игеру бойынша жоба Outotec финляндиялық компанияның қатысуымен орындалуда. Кенішті жабдықтау үшін қазіргі заманғы технологиялар қарастырылуда, оның ішінде: «Doppelmayr Transport Technology GmbH» компаниясының RopeCon® типтегі конвейері немесе «Pocketlift» типтегі тік шөмішті конвейер немесе руданы жоғарғы жаққа жер бетіне шығару түрі бар.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның одан әрі инновациялық бағытта дамуына компанияның кен орындары мен жалпы ҚР тау-кен металлургия кешені үшін озық технологияларды бейімдеп, минералды шикізатты қайта өңдеу арқылы тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар мен кеңейтілген зертханалық зерттеулерді жүзеге асыратын, өзінің ғылыми-өндірістік сынақ орталығын (ҒӨСО) құру қарастырылуда. Мұнда минералды шикізатты өңдеу, жобалық-конструкторлық жұмыстар бойынша ірілендірілген зертханалық және тәжірибелік-өнеркәсіптер сынақтар жүргізілетін, оқыту-білім беру бөлімшелері бар өзіндік-ғылыми зерттеу тәжірибелік-өнеркәсіптік базасы болады. Сондай-ақ, бейінді ҒЗИ және ҚР ТМК кәсіпорындары үшін кадрларды қайта даярлау жүзеге асырылады.

Күрделі баяу байытылатын руданы және концентраттарды өндіру және өндеу жөніндегі жаңа технологиялық тәсілдер түсті және қара металлургия өндірісінің көлемін ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге осыған ұқсас материалдарды өңдеуге тарту есебінен Қазақстанның тау-металлургия кешені шикізат базасын айтарлықтау кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2022 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

1. жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде қорлардың мынандай өсіміне қол жеткізу күтілуде: мыс – 3241 мың тонна, қорғасын – 2200 мың тонна, алтын – 44,7 тонна, күміс – 210 тонна;

2. барланатын кен орындарын игеру үшін, құрамында шамамен 200 мың тонна мыс, 21 тонна алтын, 550 мың тонна мырыш, 346 мың тонна қорғасын, 7 млн. тонна темір тотығы болатын бір атаулы концентраттарды 2022 жылға дейін шығару бойынша шамамен 10 кеніш пен байыту фабрикалары салынатын болады;

3. аффинаж зауытында жыл сайын 10 тонна тазартылған алтын және шамамен 3 тонна тазартылған күміс (шикізатты жеткізуге байланысты) шығарылатын болады;

4. кен орындарында, тау-байыту комбинаттарында және құрылыс алаңдарында 5 мыңнан астам өндірістік жұмыс орындары құрылатын болады.

Баспасөз конференциясына сараптамашы спикер ретінде ҚР Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры – Н.Радостовец, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Р.Шаекин, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Қ.Баитов қатысты.