«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Нариман Абсаметов Mining Industry Indonesia (MIND ID) басшысы Мароэф Сьямсуддинмен кездесті.

Кездесуге Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Мохамад Фаджроел Рахман да қатысты.

​Тараптар тау-кен саласындағы компаниялардың өзара іс-қимылының ықтимал перспективаларын талқылады.

​Mining Industry Indonesia (MIND ID) — Индонезияның ірі өндіруші және металлургиялық активтерінің басын қосатын мемлекеттік тау-кен холдингі.