«Тау-Кен Самұрык» Ғылыми-техникалық кеңес өткізу тәжірибесіне қайта оралды.

ҒТК-ның жаңа құрамдағы бірінші отырысы еншілес ұйымдар – «Tau-KenTemir» ЖШС мен «Siliconmining» ЖШС қызметін тұрақтандыру жоспарын талқылауға арналды .

«SiliconMining» өкілдері сараптамалық кеңестің қарауына кәсіпорынның логистикалық жүйесін жақсарту және дайын өнімді түпкілікті тұтынушы – «Tau-KenTemir» зауытына дейін жеткізу шығыстарын азайту үшін автомобиль жолы мен теміржол тұйығын салу мәселесін енгізді. Мәселе егжей-тегжейлі қаралды, әртүрлі пікірлер айтылды және құрылыстың қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, күз-қыс мезгіліне стратегиялық қор құру мәселелері, техногендік минералдық түзінділерді есепке қою және игере қазу мәселелері қаралды және бекітілді.

«Tau-KenTemir» металлургиялық кремний өндіру зауытында дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін инженер-технологтар кварцты қалпына келтіруші ретінде арнайы коксты пайдалануды ұсынды, сондай-ақ, микрокремнеземнен жентектелген шихтаны пайдалану мүмкіндігі де зерделенуде.

Талқылау және мұқият талдаудан кейін Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері отырысқа енгізілген ұсыныстармен келісті және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасына осы мәселелерді бекіту жөнінде ұсынымдар берді.

d23dda0c4c7223a3fd01ca9b78e5c997.jpg

Басқарманың өндірістік қызметтің түйінді мәселелері бойынша қабылдайтын шешімдерін сапалы ғылыми-сараптамалық қолдауды қамтамасыз ету үшін Қоғам және еншілес және тәуелді ұйымдар ҒТК отырысын тұрақты негізде өкізуді жоспарлап отыр.