Біз туралы

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы тікелей интеграцияланған компания болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы  қаулысына сәйкес құрылған.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» AҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобына кіреді. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» AҚ «Glencore International» компаниясының әріптесі болып табылады және «Қазцинк» ЖШС жарғылық капиталына 29,82% қатысу үлесіне иелік етеді.

Біздің даму стратегиямыз

2023 жылы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК»  АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясы өзектендірілді.

Миссия

Үздік серіктестер мен технологияларды тарта отырып, елдің жер қойнауының әлеуетін ашу.

Пайым: жаһандық тау-кен өнеркәсібі үшін сенімді серіктес.

Біздің стратегиялық мақсаттарымыз:

  • Инвестициялық тартымдылықты арттыру
  • Сапалы портфельді қалыптастыру
  • ESG принциптерін енгізу